ҚР ауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ экспорттық акселерация бағдарламасының жаңа толқынына қатысу үшін компанияларды іріктеуді аяқтады (іріктеу А.Ж. 25 қаңтар мен 9 наурыз аралығында өтті).
Берілген 300-ден астам өтінімнің ішінде машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ қызмет көрсетушілер сияқты салаларда 190 компания іріктелді.
Барлық іріктелген компаниялар бес жұмыс күні ішінде «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамымен шартқа қол қою үшін шақырылады.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы хабарласыңыздар:.+7 701 141 44 04 (Оразалин Ғалымжан), +7 708 252 88 69 (Қабдолла Асылхан).
«QazTrade» А-ы – ҚР-дағы экспортты мемлекеттік қолдау және дамыту оператор-компаниясы.
«Экспорттық акселерация» бағдарламасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылы іске қосылды және қазақстандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдаудың үлкен құралдарының бір бөлігі болып табылады.
Жыл сайын акселерацияға қатысушылар белгілі бір мақсатты нарықтарға шығуға дайындықтан өтеді. Ағымдағы жылы іріктелген компаниялар бағдарланатын нарықтар: Ресей Федерациясы, ҚХР, Украина және Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Өзбекстан Республикасы болып табылады.