Ағымдағы жылғы 18-19 сәуірде «QazTrade» АҚ өкілдері Н. Құлбатыров пен М. Сиротина Ташкент қаласында өткен Орталық Азия Жұмыс тобының (ОАЖТ) - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Ағымдағы жылғы 18-19 сәуірде «QazTrade» АҚ өкілдері Н. Құлбатыров пен М. Сиротина Ташкент қаласында өткен Орталық Азия Жұмыс тобының (ОАЖТ)

Ағымдағы жылғы 18-19 сәуірде «QazTrade» АҚ өкілдері Н. Құлбатыров пен М. Сиротина Ташкент қаласында өткен Орталық Азия Жұмыс тобының (ОАЖТ) алтыншы отырысына қатысты, оның аясында географиялық көрсеткіштерді сауда және экспортты ілгерілету құралы ретінде пайдалану мәселесі қаралды.

Мұндай құралды енгізу Қазақстанда соңғы екі жыл ішінде қаралуда. Ағымдағы жылғы сәуір айының ортасында тиісті заң жобасы Сенатқа қарауға берілді. Техникалық деңгейдегі дайындықты құрамына барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері кіретін «QazTrade» АҚ базасындағы Ұлттық сараптамалық жұмыс тобы жүргізеді. ЕО CANDY V жобасы Қазақстандық қант тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығымен бірлесіп, осы жұмыс тобының қатысушыларын оқытуды және географиялық көрсеткіштер әлеуеті бар өнімнің шамамен 30 түрін бірлесіп іріктеуді жүргізді. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша пилоттық жоба ретінде Алматы апорты таңдалды.

«QazTrade» АҚ экспортты ілгерілету жөніндегі ұйым ретінде осы құралдың үлкен әлеуетін көреді және оны пайдалану бойынша консультацияларды келесі жылы іске қосуды жоспарлап отыр.

Анықтама. Қазіргі уақытта Қазақстанда географиялық көрсеткіштер тауарлар шығарылған жерлердің атаулары ретінде қорғалады, олардың арасында Сарыағаш минералды суы, Лепсі балы, Булаев майы және т.б. белгілі. Алайда мұндай қорғауды пайдалану өнім шығарылған жерде бүкіл өндіріс циклын жүзеге асыру бойынша жоғары талаптарға байланысты кең таралмады. Географиялық көрсеткіштер ретінде қорғауды алу үшін осындай бір ғана кезеңді жүзеге асыру жеткілікті болады.

 

Пікір қалдыру