Экспорттаушылардың шығындарын өтеу туралы ақпарат - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Экспорттаушылардың шығындарын өтеу туралы ақпарат

Отандық өңделген тауарларды/көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі уәкілетті орган 2021 жылдан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысындағы компания «QazTrade» АҚ-ы болып табылады.

2021 жылы өткізілген 17 ВАК қорытындысы бойынша 119 компаниядан жалпы сомасы 4 268,5 млн. теңгеге 219 өтінім мақұлданды, оның ішінде:

– тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша – 4 166,8 млн. теңге сомасына 212 өтінім;

– тауарларды ілгерілету бойынша – 101,7 млн.теңге сомасына 8 өтінім.

Мемлекеттік қолдаудың осы түрінің орнына экспорттаушылар өздеріне қарсы міндеттемелерді қабылдайды, олар өтем алуға арналған келісімдерде тіркеледі.

Мәселен, экспорт кезінде шығындарының бір бөлігі өтелген 119 компания 2023 жылға қарай мынадай көрсеткіштерді арттыруды жоспарлап отыр:

– экспорт көлемін 80 854,0 млн. теңгеге;

– бюджетке салық аударымдарын 7 268,1 млн. теңгеге;

– жұмыс орындарының санын 1267 адамға.

2020 жылы 19 ВАК қорытындысы бойынша 216 компанияның жалпы сомасы 5 611,0 млн теңгеге 487 өтінімі мақұлданды, оның ішінде:

– жалпы сомасы 942,4 млн теңгеге өтем алған 60 компания мынадай  көрсеткіштерді арттыру бойынша өздеріне қарсы міндеттемелер алды:

– экспорт көлемін 52 398,50 млн. теңгеге;

– бюджетке салық аударымдарын3 180,0 млн. теңге;

– жұмыс орындарының санын 1 342 адамға.

Пікір қалдыру