Экспорттаушылар Alibaba.com платформасы арқылы 45 миллион АҚШ долларына тауар сатты - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Экспорттаушылар Alibaba.com платформасы арқылы 45 миллион АҚШ долларына тауар сатты

Қазақстандағы экспортты қолдау құралдарының бірі –  қазақстандық кәсіпорындарды Alibaba.com халықаралық сауда платформасына шығару. Бұл қолдау түрінің операторы – ҚР Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» АҚ.

2020 жылда «Алтын жеткізуші» шотымен 100 отандық өндірістік кәсіпорын Alibaba.com платформасына шығарылды. Осы бағдарлама шеңберінде компаниялар платформада оқыту және бизнес жүргізу бойынша толық қолдау алады.

Қазіргі таңда бұл сауда алаңында 4 мыңнан астам қазақстандық тауарлар, оның ішінде макарон өнімдері, ұн, бал, кондитерлік өнімдер, ет, сусындар, өсімдік майлары, жиһаз, киім, балаларға арналған тауарлар және тағы басқа тауар түрлері орналастырылған.

Alibaba.com платформасына шығу бағдарламасының қатысушылары 45 миллион АҚШ долларына экспорттық келісімшарттар жасады. Тапсырыс берушілер Қытай, Македония, БАӘ, Оман, ЕАЭО елдері мен Орталық Азияда орналасқан сатып алушылар болып табылады.

Alibaba.com платформасы арқылы қазақстандық экспорттаушылар Оңтүстік-Шығыс Азия (тамақ өнімдері), Таяу Шығыс елдерімен (бал, ет өнімдері) келіссөздер жүргізуде. Таяу шетелдер сүзгі, тоқыма, электротехника сияқты тауар түрлеріне қызығушылық танытып отыр. Жақын арада Бағдарламаның үшінші фазасына іріктеуді бастау жоспарланып отыр: 2021 жылы тағы 50 компания Alibaba.com халықаралық сауда платформасына шығарылады.

Пікір қалдыру