Алматыда «Central Asia Gateway» сауда порталын іске қосу қарсаңында алғашқы өңірлік іс-шара өтті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Алматыда «Central Asia Gateway» сауда порталын іске қосу қарсаңында алғашқы өңірлік іс-шара өтті

2023 жылғы 16-17 мамырда Алматы қаласында Орталық Азия елдерінің «Central Asia Gateway» сауда порталын іске қосу қарсаңында Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі порталдар бойынша өңірлік дөңгелек үстелі өтті.
«Central Asia Gateway» сауда порталы Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі порталдардан ақпаратты біріктіреді, сондай-ақ бизнеске өнімнің ерекшелігін ескере отырып, трансшекаралық сауданың формальдылықтары туралы ақпаратқа оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Платформа Орталық Азияның барлық порталдарының мүмкіндіктерін ОА өңірлерінің халықаралық нарықтармен сауда байланыстарын нығайтуға көмектесу үшін пайдаланады. ХСО және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі Конференциясының (ЮНКТАД) техникалық қолдауымен әзірленген, сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі порталдар сауда рәсімдерін оңайлатуға және транспаренттілікті нығайтуға ықпал ете отырып, әлемнің 30 елінде енгізілді, және, тиісінше, ДСҰ-ның Сауда рәсімдерін оңайлату туралы келісімінің сауда формальдылықтары бойынша ақпараттың қолжетімділігі және интернетте жариялануы сияқты баптарын орындау.
Айта кету керек, Қазақстанның Сауда порталы қазірдің өзінде сәтті жұмыс істеп тұр, оның іске қосылуы 2022 жылдың 4 шілдесінде өтті. ХСО, ҚР Сауда және интеграция министрлігі және «QazTrade» АҚ әзірлеген Қазақстанның Сауда порталына қазірдің өзінде 4000-ға жуық пайдаланушы қосылып, оның аудиториясы тез кеңейіп келеді.

Юрий Скаскевич, Бағдарлама жетекшісі, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы делегациясы: «Central Asia Gateway іске қосылуы ЕО-ның сапалы инфрақұрылымға мағыналы инвестицияларды қолдау жөніндегі жоспарына сәйкес келетін Орталық Азия өңірі үшін маңызды кезең болып табылады».

Пьер Бонтонно, Халықаралық сауда орталығының сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі аға кеңесші: «Трансшекаралық саудадағы ашықтық халықаралық сауда үшін өте маңызды. Central Asia Gateway жеке сектордың қажеттіліктеріне уақтылы жауап болып табылады».

Нұрлан Құлбатыров, «QazTrade» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары: «Ready4Trade-Central Asia» жобасы шеңберінде Орталық Азия елдерінде іске асырылатын сауда порталдары кәсіпкерлерге халықаралық сауда процестерінің қыр-сырын бағдарлауға көмектесетін бірегей жобалар болып табылады».

Жоба туралы: Ready4Trade-Орталық Азия – бұл Еуропалық Одақ қаржыландыратын, Халықаралық сауда орталығы (ХСО) ұлттық серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыратын төрт жылдық жоба. Жобаның мақсаты ОА-ның бес елінде өңірішілік және халықаралық сауданы дамыту жолымен ОА-ның жалпы орнықты және инклюзивті экономикалық дамуына үлес қосу болып табылады. «Ready4Trade-ОА» жобасының бенефициарлары үкіметтер, шағын және орта кәсіпорындар, сондай-ақ бизнесті қолдау жөніндегі кәсіпорындар болып табылады. Жобаның Қазақстандағы серіктесі ҚР Сауда және интеграция министрлігі және «QazTrade» АҚ болып табылады.

http://ready4trade.intracen.org/en

https://www.intracen.org/Ready4Trade

The Central Asia Gateway https://infotradecentralasia.org
The KAZ TF Portal https://tradeinfo.kz
The QazTrade Academy https://www.qaztradeacademy.kz

Пікір қалдыру