Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығына шолу - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарығына шолу

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Ағымдағы жылдың басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ға өсті.

Негізгі өсім қарақұмық, қант, сәбіз және картопта болды. Негізгі себеп – егіс алқаптарының қысқаруы.

Алайда, тауарлардың көпшілігі бойынша ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен қанағаттандырылды.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бес түрі бойынша бағаның төмендеуі байқалды. Мәселен, қырыққабаттың бағасы 21,4% төмендеді.

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі барлық өңірлерде байқалады.

2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы өсім екі есе төмен.

Оның негізгі себептері карантиндік шараларға байланысты азық-түлікке сұраныстың өзгеруі, логистика мен тауарларды тасымалдаудың өзгеруі, маусымнан тыс уақыттағы тапшылық болды.

Бұл өсімнің 90%-ы, яғни 4,1 пайыздық тармақ елде төтенше жағдай режимін енгізу кезеңінде тіркелген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап бағаның өсуі реттеле бастады. Атап айтқанда, мамыр айында бағалар 0,1%-ға өсті, маусым мен шілдеде өспеді, ал тамызда тіпті -1% – ға төмендеді.

БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН ҚАБЫЛДАНҒАН ШАРАЛАР

Бағаларды тұрақтандыру үшін Сауда және интеграция, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен бұйрығымен төтенше жағдай режимі кезеңінде 9 әлеуметтік маңызы бар тауарға шекті бағалар белгіленді.

Анықтама үшін: (ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, күріш, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық жұмыртқасы, тұз)

Бұдан басқа, Министрлік әкімдіктерге ішкі сауда субъектілерінің шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін сақтауына бақылау жүргізу бойынша ұсыныстар жіберді.

Осы ұсыныстарды орындау үшін әкімдіктер мен Министрліктің аумақтық бөлімшелері тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, оның қорытындысы бойынша 180 әкімшілік айыппұл салынды.

Анықтама ретінде: 49,4 млн.теңге сомасына 180 хаттама жасалды, оның ішінде: Алматы қаласы бойынша 46,9 млн. теңге сомасына 171 хаттама, Нұр-Cұлтан қаласы бойынша 833 мың теңге сомасына 3 хаттама, Жамбыл облысы бойынша 833 мың теңге сомасына 3 хаттама, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 833 мың теңге сомасына 3 хаттама.

Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысында шекті бағадан асып кету туралы 37 акт, Маңғыстау облысында – 14 акт жасалды, Түркістан облысында сауда объектілері бойынша 1,5 мыңнан астам ұйғарым берілді.

Қалған өңірлерде шекті бағадан асып кету фактілері тіркелген жоқ.

Ағымдағы жылдың 22 наурызынан бастап төтенше жағдай режимі кезеңінде 7 тауарды (қарақұмық, қант, картоп, пияз (сарымсақ), күнбағыс тұқымын, күнбағыс майын, қарақұмық жармасын) экспорттауға, сондай-ақ тауарларды (сәбіз, шалқан, қызылша, қырыққабат, бидай ұны және жұмсақ бидай) шығару үшін ай сайынғы квоталауға тыйым салынды.

Анықтама үшін: Қазақстан Республикасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен бірқатар тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының ставкаларын нөлдеуге бастамашылық жасады. Өзбекстанмен шекарада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын импорттау үшін 1жасыл дәліз1 ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап қыркүйек айына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импорты мен сатылымына қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 8%-ға дейін төмендетілді.

БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ АҒЫМДАҒЫ ШАРАЛАРЫ

Жергілікті атқарушы органдар «айналым схемасы», форвардтық сатып алу және «тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» сияқты құралдарды пайдаланады.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын ұстап тұру міндеттемесімен «айналым схемасына» жергілікті бюджеттен 14,2 млрд. теңге бөлінді (оның ішінде 2019 жылы 2,3 млрд.теңге және 2020 жылы 11,8 млрд. теңге).

01.09.2020 жылғы жағдай бойынша 14,2 млрд. теңгенің «айналым схемасы» бойынша жеңілдікті қарыздары: Алматы қаласы – 7 млрд. теңге, Нұр-Сұлтан қаласы – 2,5 млрд. теңге, Шымкент қаласы – 0,6 млрд. теңге, Маңғыстау облысы – 0,4 млрд. теңге, Алматы облысы – 1,3 млрд. теңге, Атырау облысы – 776,85 млн. теңге, Ақтөбе облысы – 500 млрд. теңге теңге, Павлодар облысы – 500 млн. теңге, Қостанай облысы – 200 млн. теңге, Қызылорда облысы – 140 млн. теңге, БҚО – 150 млн. теңге, Түркістан облысы – 115 млн. теңге, СҚО – 40 млн. теңге.

Тұрақтандыру қорларында 27,7 мың тонна азық-түлік қалыптастырылды және 21,6 мың тонна жеткізуге форвардтық шарттар жасалды.

АЙНАЛЫМ СХЕМАСЫ ӨҢІРЛЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАЛАРЫН ТҰРАҚТАНДЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Бұл нарық тетігі қазірдің өзінде тиімді екенін көрсетуде. Алматы қаласы бойынша басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай қаражат бөлінді. Нәтижесінде қалада жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуі 2,2%-ды құрады. Бұл ел бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Сонымен бірге, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларының салыстырмалы түрде жоғары өсуі және «айналым схемасына» бөлінген қаражаттың салыстырмалы түрде аз мөлшері байқалады.

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ

Бағаны тұрақтандырудың маңызды құралдарының бірі монополияға қарсы реттеу шаралары болып табылады.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті сөз байласуды анықтау үшін ішкі нарықтың тұрақты мониторингін жүргізеді. Мәселен, ағымдағы жылы нарық субъектілеріне азық-түлік, жеміс-көкөніс және ет өнімдерін өндіру және өткізу бойынша 293 хабарлама шығарылды, сондай-ақ 13 тергеу жүргізілді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті сөз байласуды анықтау үшін ішкі нарықтың тұрақты мониторингін жүргізеді. Мәселен, ағымдағы жылы нарық субъектілеріне азық-түлік, жеміс-көкөніс және ет өнімдерін өндіру және өткізу бойынша 293 хабарлама шығарылды, сондай-ақ 13 тергеу жүргізілді.

ЖҮЙЕЛІК ІС-ШАРАЛАР

Қазіргі уақытта Министрлік бағаны тұрақтандыру аясында мынадай жүйелі жұмыстар жүргізуде:

Бірінші. Стационарлық емес сауда базарларын жаңғырту үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жеткізуді қамтамасыз ету және сауда жабдықтарын сатып алу.

Екінші. Электрондық сауданы дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу.

Үшінші. Ұлттық тауар өткізу жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдыру