Бүгін астанада Қазақстан экспорттаушыларының Бірінші Форумы өтті - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Бүгін астанада Қазақстан экспорттаушыларының Бірінші Форумы өтті

Форум жұмысына 70-ке жуық экспорттаушы компания қатысты.

Іс-шара барысында көрме өтті, онда белсенді экспорттаушылар шетелдік нарықтарға ілгерілететін тауарларын көрсетті.

Атап айтқанда, AFilter.kz компаниясы суға арналған «Biotech karal» полипропилен сүзгілерін – жануарларға арналған азыққа арналған биоқоспалардың кейбір түрлерін ұсынды. Көрмеде «Пайдалы өнімдер» компаниясының био йогурттары, «TOP ENERGY KZ» компаниясының жеміс-жаңғақ батончиктері және тағы басқалары көрсетілді.

Барлық экспорттаушылар – экспортты мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қатысушылары.

Форумды ашқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы белсенді экспорттаушылардың саны 540-тан асқанын, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 100 компанияға артық екенін хабарлады.

Сұлтанов соңғы екі жыл бүкіл халықаралық сауда үшін күрделі болғанын, ал жалғасып жатқан COVID-19 салдары мен әлемдегі геосаяси жағдай бүгінде Қазақстанның сыртқы сауда белсенділігіне әсер етіп отырғанын атап өтті.

– Қытай тарапының шектеу шаралары екі жылдан бері қолданылып келеді. 2020 жылдан бастап біз үкіметтік деңгейде толыққанды диалог жүргізудеміз, шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысын жақсартуды жалғастырудамыз. Қазіргі Ресей-Украина дағдарысы пандемиядан кейін қалпына келе алмайтын жеткізілім тізбегіне әсер еуде. Дағдарыс қызған кезде ҚР Үкіметі Көлікшілер одағымен бірлесіп, ҚР-ЕО және ЕО-ҚР бағытында жүктерді қайтарумен және жеткізумен қолмен айналысты. Өткізу нарықтарын қайта бағдарлау тағы бір ілеспе проблема болды. Мен бүгін форумға қатысатын көптеген кәсіпорындар жаңа нарықтарға шығу бүшін қосымша мүмкіндіктерді іздестіруде белсенді жұмыс істеп жатқанын білемін. Мемлекеттік құрылымдар жаңа бағыттар бойынша экспорт мүмкіндіктерін пысықтауда, – деді Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.

Ол, сондай-ақ Кәсіпкерлерге қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарда ілгерілету және сенімді сатып алушыларды іздеу үшін Сауда министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп елдік экспорттық бағдарламалар әзірлейтінін хабарлады. Бұдан басқа, экспортты қолдау шаралары жөніндегі оператор – QazTrade компаниясының сарапшылары шет елдердің нарықтарына жиырмадан астам шолу, дайджестер мен бюллетеньдер дайындады, сауда үшін мүмкіндіктерді анықтау және тәуекелдерді анықтау бойынша 60-тан астам талдау жұмыстарын жүргізді.

– Қазір біз 40 елдегі ҚР СІМ – Елшілігінің коалициясында жұмыс істеп жатырмыз. Мұндай нақты жұмыс экспортты жылжыту үшін сапалы негіз болды, – деді Б.Сұлтанов.

Бизнес талап ететін барлық ақпарат бірыңғай export.gov.kz.порталда бар.

Бизнеспен кездесуге «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев пен «Атамекен» ҰКП өкілі қатысты.Ұ

Астана халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басқарма төрағасы Ернұр Рысмағамбетов «Астана халықаралық қаржы орталығының» халықаралық сауданы жүргізу мүмкіндіктері туралы хабарлады.

KazakhExport Басқарма Төрағасы Аслан Калигазин өз сөзінде форум қатысушыларына компания қызметінің негізгі нәтижелерін, қазақстандық шикізаттық емес экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық-сақтандыру шараларын және қолдау құралдарын тиімді пайдалану мысалдарын таныстырды.

«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы бизнесмендерге экспорттаушы ала алатын компанияны қолдаудың қаржылық емес шараларының кең ауқымы: сыртқы сауда қызметінің негіздерін оқытудан бастап, экспорт кезіндегі шығындардың бір бөлігін өтеуге дейін жол туралы хабарлады. Мысалы, басқа елдердің нарықтарындағы сертификаттау және сәйкестікті растау, маркетингтік жылжыту және кеңселер мен қоймаларды жалға алу, көлік шығындары және т. б.

– Экспортты қолдаудың бірыңғай терезесі – «QazTrade» компаниясының құзыретінде – оның20-дан астам түрлі құралдар бар. Тәжірибе көрсеткендей, Экспорттық акселератор, Alibaba.com алаңына шығару  және басқа елдердегі Сауда-экономикалық миссиялар үлкен қызығушылық тудыруда. Ковидтік шектеулердің алынып тасталуымен көрме қызметі жанданды. Біз кәсіпкерлердің тілектерін ескере отырып, СЭМ географиясы мен көрмелерін құрастырамыз. Сонымен қатар, қазір біз гесаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты босатылатын жаңа тауашаларға көшу қажеттілігіне бағдарланудамыз, – деп хабарлады Асқарұлы.

Форум барысында экспорттаушылар сауда министрлігінің, даму инстуттары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне бірқатар сұрақтар қойды.

 

Қазақстандық экспорттаушылардың бірінші Форумының қорытындысы бойынша экспортты дамыту және қолдау, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту институттары мемлекеттік қолдау бағдарламаларының белсенді қатысушыларын сыйлықтармен марапаттады.

«QazTrade»  АҚ «Экспорттық акселератордың белсенді қатысушысы» номинациясында мына компанияларды марапаттады: «Ақтау құбыр өнімдері зауыты» ЖШС, «Адал-Ас Trade» ЖШС, «Smart Parking Technologies» ЖШС

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «KazakhExport» шараларының бенефициар компанияларын марапаттады. «Еуропаға терезе» номинациясында – «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС. «Экспорттың кең географиясы» номинациясы бойынша – «Қайнар АКБ» ЖШС.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы халықаралық сауда орталығын (ITC) «Экспортты жылжытудағы серіктестік» номинациясында атап өтті.

«СЭМ-дегі жетістік» номинациясында «KazakhInvest» ұлттық компаниясы «Meat Processing and Service» ЖШС және «Сәуле кондитерлік фабрикасы» ЖШС-не наградалар табыс етті.

Astana Hub «Халықаралық IT-стартаптар технопаркі» халықаралық Alibaba.com сауда алаңына шығару жөніндегі бағдарламаның белсенді қатысушысы» номинациясын тағайындады, ол «Омарта» ШҚ мен «Ztown Development» ЖШС марапаттады.

 

Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов біздің экспорттаушыларымыздың жетістіктерін жыл сайын атап өту бастамасын көтерді.

– Қазақстанда үздік өндірушілерге арналған «Алтын сапа» сыйлығы бар. Жылдың үздік экспорттаушысы номинациясын тағайындауға болады деп ойлаймын. Жеңімпаздарды дауыс беру арқылы сайлау керек, – деді ол, бұл ұсынысты экспорттаушылар қолдады.

 

Қазақстан экспорттаушыларының Бірінші Форумы алаңында 3 млн рубль және 500 мын. АҚШ долларына тауарлар жеткізу шарттарын жасасуға арналған екі Меморандумға қол қойылды.

 

Пікір қалдыру