«QazTrade» АҚ Субсидиялар және қорғау шаралары департаментінің директоры Айнұр Әмірбекова Азия мен Тынық мұхитқа арналған БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК) елдерімен трансшекаралық қағазсыз сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті. АТМЭӘК-ның Уақытша үкіметаралық тобының 7-ші кеңесі Бангкоктағы штаб-пәтерде өтті.
Кеңеске қатысушылармен трансшекаралық қағазсыз сауданы дамыту мәселелері талқыланды және Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі трансшекаралық қағазсыз сауданы жеңілдету туралы Негіздемелік келісімді іске асыру процесі қарастырылды. Соның ішінде, Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің қағазсыз трансшекаралық саудаға дайындығын бағалау нәтижелері.
Бұған дейін сарапшылар тобы Қазақстан мүшесі болып табылатын трансшекаралық қағазсыз сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша АТМЭӘК-ның Уақытша үкіметаралық басшылық тобы әзірлеген дайындықтың бақылау тізімдеріне сәйкес бағалау жүргізген болатын. Сауда және интеграция министрлігі, «QazTrade» АҚ және АТМЭӘК-ның бірлескен күшімен 2021 жылғы 9 желтоқсанда трансшекаралық қағазсыз саудаға жәрдемдесу бойынша Ұлттық кеңес беру ұйымдастырылды, онда Қазақстанның трансшекаралық қағазсыз саудаға дайындығын бағалау бойынша зерттеу нәтижелері қаралды және одан арғы іс-қимылдар жоспары талқыланды.
Қазақстанда сауда рәсімдерін жеңілдетуді енгізуге қысқаша шолу жасағаннан кейін трансшекаралық қағазсыз саудаға техникалық және құқықтық дайындықты бағалау нәтижелері ұсынылды, трансшекаралық қағазсыз сауданың техникалық және құқықтық аспектілері бойынша ұсынымдар және Қазақстан үшін іс-қимыл жоспары берілді.
Қазақстанда трансшекаралық қағазсыз саудаға дайындықты бағалау QazTrade-пен серіктестікте сәтті аяқталды. Есеппен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.unescap.org/kp/2022/readiness-assessment-cross-border-paperless-trade-kazakhstan.