QazTrade осы күндері Грузияның Шекветилиде өтіп жатқан Black and Caspian Sea Ports & Shipping 2022 жыл сайынғы конференциясына қатысты. Конференция «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығы мүшелерінің толық қолдауымен Каспий өңірінің көлік-коммуникация кешенін және Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ немесе Middle Corridor) әлеуетін дамыту перспективаларына арналған.
22 Елдің көлік және логистика саласындағы халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағдарының қатысушылары жаһандық және өңірлік сауда мен инвестициялардың өзекті тақырыптары мен проблемаларын талқылады. Мәселелер теміржол көлігі мен жүк тасымалын дамыту, көліктің тұрақтылығын нығайту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) нығайтудағы жаңа тәсілдер, жеткізілімдерді контейнерлендіру және көлік инфрақұрылымы үшін цифрландыру мен технологиялар саласындағы прогресс және т.б. мәселелерді қамтыды.
Форум жұмысына «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы қатысты.«Каспий өңірі Қазақстан үшін жалғыз теңіз қақпасы бола отырып, тауар ағындарын қалыптастыруда маңызды рөл атқары, ірі теңіз сауда желілеріне одан әрі шығуды қамтамасыз етеді» – деп, Азамат Асқарұлы форум қатысушыларының алдында атап өтті.
Қазіргі геосаяси жағдайларда Транскаспий халықаралық көлік бағдарының қатысушылары үшін транзиттік дәліздер мен көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мүмкіндіктер ашылады. 2022 жылдың 1 тоқсанында металл өнімдері ТХКБ үшін жаңа тауарға айналды, жақын арада осы бағыт арқылы астық, ұн, мыс жеткізу туралы келіссөздер жүргізілуде.
Бас директор Каспий бағытындағы көлік қатынасын жандандыруға жаһандық ойыншыларды – әлемдік көлік компанияларын тарту, бүкіл жол бойында кедендік әкімшілендірудің электрондық жүйесін интеграциялау, Еуропа тарапынан кері жүктеме бойынша күш-жігерді біріктіру, сондай-ақ Қара теңіз порттарының инфрақұрылымына қол жеткізуді қамтамасыз ету ықпал ететінін атап өтті.
«ТХКБ маршруты бойынша порттық қуаттылықтар, мысалы, Батуми порты, қазірдің өзінде ауыстырып тиеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазақстаннан еуропалық бағытта да, кері бағытта да тауарларды жеткізу тізбегін айтарлықтай оңтайландыру қажет» – QazTrade Бас директоры нақтылады.
«Қазақстан үшін Қара теңіз порттары арқылы әлемдік нарықтарға шыға отырып, ТХКБ интенсификациясы екі жақты сауда жолы болып табылады. Дәстүрлі логистикалық дәліздермен күрделі жағдайларда Транскаспий бағыты біздің тауарларымызды Еуропа елдеріне экспорттау үшін де, сондай-ақ біздің тауар өндірушілер үшін өзекті болып табылатын Қазақстанға импорттау үшін де қысқа әрі экономикалық тиімді жол болып табылады. Бұл Қазақстанды жаһандық өндірістік тізбектерге ендіру жөніндегі жұмысты тоқтатпауға және халықаралық өнеркәсіптік кооперация жөніндегі жобаларды жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл міндетті Үкімет алдына Мемлекет басшысы қойды» – Асқарұлы түйіндеді.
Форум аясында Поти және Батуми теңіз порттарына бару ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушылар сапар барысында порттардың қуаттылығымен және оларды дамыту перспективаларымен танысты.Батуми порты:Өткізу қабілеті: 230K TEU (ағылш. жиырма футтық эквивалент) – жүк көлік құралдарының сыйымдылығын өлшеудің шартты бірлігі).Ауданы – 14 гектар.2021 жылы 120 K TEU-ден астам өңделген.2 жылжымалы кран, 1 паромдық өткел көпірі бар. Терминалдық техника.
Поти порты:
Өткізу қабілеті: 330 мың TEU (ағылш. жиырма футтық эквивалент) – жүк көлік құралдарының сыйымдылығын өлшеудің шартты бірлігі).
Ауданы – 35 гектар.
1,7 млн. тонна үйілме жүк өңделді.
5 айлақтық крандар бар.
Аумақты кеңейту және өткізу қабілетін 1 млн. TEU және 5 млн. тонна үйілме жүктерге дейін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.