Шығыс Қазақстан облысында экспортқа бағдарланған компаниялардың, облыс әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтұғұтовтың, «QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлының және KazakhExport және ҚДБ компаниялары өкілдерінің қатысуымен Өңірлік экспорттық кеңестің кезекті отырысы өтті.
«QazTrade» Бас директоры Азамат Асқарұлы өңірдің экспорттаушы кәсіпорындарына экспорттаушылар үшін «бірыңғай терезе» жаңа мүмкіндіктерін ұсынып, экспортты қолдау бөлігінде мемлекет жоспарлаған шаралар туралы айтып берді.
«Бүгінгі таңда QazTrade шикізаттық емес өнімдерді экспорттауды дамыту және жылжыту жөніндегі оператор болып табылады. Компания іс жүзінде компанияның диагностикасы мен оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалаудан бастап, жоғары сапалы аналитикалық және консалтингтік қызметтерді ұсынуға дейінгі отандық өнімді өндірушілерді қаржылай емес қолдаудың барлық құралдарын шоғырландырады. Сонымен қатар, осы жылдан бастап Компания экспорттаушылардың шығындарын да өтейді», – деді Асқарұлы.
Өңірлік экспорттық кеңестердің басты міндеті бизнес-қоғамдастық өкілдерінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және экспортты дамыту институттарымен тікелей байланысын орнату болып табылады, соның арқасында туындаған барлық проблемалық жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігі пайда болады.
QazTrade өкілдері отандық кәсіпкерлерді қолдаудың қолда бар құралдарын (экспортқа арналған шығындардың бір бөлігін өтеу, экспорттық акселерация, электрондық сауда алаңдарына шығару) егжей-тегжейлі ұсынды және экспорт мәселелері бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.
Өңір экспорттаушылары QazTrade-мен белсенді ынтымақтасып, қолдау шараларын қолдануда. 2019-2020 жылдары өңірдің төрт компаниясы
(«Sun-Bee Altai» ЖШС, «Global invest International» ЖШС, «Пасека» ШҚ және «Мед Алтай» ШҚ) Alibaba платформасында «Алтын аккаунтқа» ие болды, бір компания («Kondiz Distribution» ЖШС) экспорттық акселерация бағдарламасының қатысушысы болды. 2020 жылы өңірдің 18 экспорттаушы компаниясы экспорттық шығындардың бір бөлігін 224 млн.теңгеге өтетті.
Шығыс Қазақстан облысы еліміздің өнеркәсібі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Экономиканың негізгі саласы түсті металлургия болып табылады, сондай-ақ машина жасау және металл өңдеу, энергетика, орман және ағаш өңдеу, жеңіл, тамақ өнеркәсібі дамыған. Өткен жылдың аяғында облыстың серіктес елдермен тауар айналымы шамамен 5,0 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10,6% артық. Экспорт бір жыл ішінде 19,6% өсті, ал импорт іс жүзінде өзгеріссіз қалды (2,1 млрд. АҚШ доллар). Өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт 29,5% өсіп, 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады.