Сәйкестік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - АО "Центр развития торговой политики "QazTrade"
Информирование бизнеса в условиях санкционных ограничений

Сәйкестік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

 

 

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) адалдық, ашықтық және шыншылдық қағидаттарына негізделген корпоративтік мәдениетті дамыту мен қолдауға үлкен мән береді.

Заңнаманы және/немесе Іскерлік этика кодексін бұзу жағдайларын болдырмау және ұйымның оң іскерлік беделін сақтау мақсатында Қоғамда сыбайлас жемқорлықты, алаяқтықты, кемсітуді, әдепсіз мінез-құлықты және Қоғам қызметіне байланысты басқа да бұзушылықтарды уақтылы анықтауға арналған Сенім желісі жұмыс істейді.

Сенім желісі арқылы Сіз іскерлік этика нормаларын бұзу, сыбайлас жемқорлық көріністері, теріс пайдалану, мүдделер қақтығысы фактілері туралы, сондай-ақ Қоғамның беделіне немесе мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін әрекеттер (не әрекетсіздік) туралы хабарлай аласыз.

Біз сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанамыз.
Құпиялық пен өтініш берушінің қалауы бойынша анонимділікке кепілдік беріледі. Барлық өтініштер міндетті түрде қаралады.

Сенім желісінің байланыс деректері:

Пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Санжар Асфендияров көшесі, 8а, «Omega» БО
Телефон: 8 (717) 276-86-06 (ішкі 332)
Email: hotline@qaztrade.org.kz

Сәйкестік бойынша офицер

Қоғамның сәйкестік бойынша офицері өз қызметін атқарушы органнан және лауазымды тұлғалардан тәуелсіз жүзеге асырады, Директорлар кеңесіне есеп береді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және ішкі нормативтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Сәйкестік офицерінің негізгі міндеттері:

  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуын бақылау;
  • сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және мониторинг жүргізу;
  • қызметкерлерге заңнама нормаларын және іскерлік этиканы сақтау мәселелері бойынша кеңес беру;
  • адалдық және есептілік мәдениетін дамыту;
  • шешім қабылдау рәсімдерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету;
  • Сенім желісі арқылы келіп түскен өтініштерді қарауға қатысу.

Сәйкестік офицерінің қызметі әрбір қызметкер үшін заң нормаларын және этика стандарттарын сақтау басымдық болып табылатын ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы нәтижелері бойынша анықталған тәуекелге бейім лауазымдардың тізімі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
1

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі Тәуекелді жою бойынша ұсынымдар Ұсынымдарды іске асыру нысаны Уәкілетті мемлекеттік органның ұстанымы Орындау мерзімі
1

Құжаттар

Сайттағы «Сәйкестік қызметі» бөлімінде орналастырылған ішкі нормативтік құжаттар (ІНҚ):

  • «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сәйкестік офицері туралы Ереже
    Жүктеу
  • «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Іскерлік этика кодексі
    Жүктеу
  • Лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу саясаты мен тәртібі
    «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ

    Жүктеу