Тауарлардың шығу қағидалары - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Тауарлардың шығу қағидалары

Тауарлардың шығу қағидалары

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ тауарлардың шығарылған елін айқындау саласындағы ұлттық және ұлттықтан жоғары заңнаманы талдау, сондай-ақ ЕАЭО аумағына әкелінетін/ЕАЭО аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты тауарлардың шығарылған жерін айқындау және растау бойынша ЕЭК құқықтық базасын келісу кезінде қазақстандық ұстанымды қалыптастыру үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шарттың 37-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарлардың шығарылуын айқындаудың бірыңғай қағидалары қолданылады.

Бұл ретте кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану (тарифтік преференциялар беру мақсаттарын қоспағанда), тарифтік емес реттеу және ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану, тауарлардың шығарылған жерін таңбалауға қойылатын талаптарды белгілеу, мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру, тауарлардың сыртқы саудасының статистикасын жүргізу мақсаттарында «ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларын (тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың преференциалдық емес қағидаларын) бекіту туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидалары (тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың преференциялы емес қағидалары) қолданылады.

Одақтың кедендік аумағына ЕАЭО тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы дамушы немесе неғұрлым төмен дамыған елдерден әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беру мақсаттарында «Дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдерден тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидаларын бекіту туралы»  ЕЭК Кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 60 шешімімен бекітілген дамушы және неғұрлым төмен дамыған елдерден тауарлардың шығарылған жерін айқындау қағидалары қолданылады.

ЕАЭО-мен сауда-экономикалық қатынастарда еркін сауда режимі қолданылатын мемлекеттерден ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференциялар беру мақсаттары үшін еркін сауда режимін қолдануды көздейтін үшінші тараппен ЕАЭО-тың тиісті халықаралық шартында белгіленген тауарлардың шығарылуын айқындау қағидалары қолданылады.

Сондай-ақ, ҚР-да «Тауар шығарылған елді айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген тауардың шығу тегін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның күшін жою қағидалары қолданылады, олар ішкі айналым үшін  «СТ-KZ»  нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат беру мәселесін реттейді.

ЕАЭО-тың нормативтік-құқықтық базасына шығу қағидалары бөлігіндегі соңғы өзгерістер мен толықтырулардан дамушы және аз дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларының 30-тармағына енгізілген, дамушы және аз дамыған елдерден импорттаушылардың ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің кеден органдарына көрсетілген сертификаттың түпнұсқасын кейіннен міндетті түрде ұсыну шартымен 2020 жылғы 30 қыркүйекті қоса алғанда тауарлардың шығарылуын растау үшін тауардың шығу тегі туралы сертификаттың электрондық немесе қағаз көшірмесін ұсыну мүмкіндігін көздейтін өзгерісті атап өтуге болады.

Бұл өзгеріс ЕАЭО-да COVID-19 таралу мәнмәтінінде жедел қабылданды және «Дамушы және аз дамыған елдерден тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларына өзгеріс енгізу және 2020 жылғы 3 сәуірдегі 2019-nCov коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында тауардың шығарылуы туралы сертификатты ұсыну ерекшеліктері туралы» ЕЭК Кеңесінің № 36 шешімімен бекітілді.