жөніндегі семинар
2020 жылғы 20 қарашада, «Qaztrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-да, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған мақсатты идеологиялық жұмыс жүргізу, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның күші қолданылатын адамдар арасында парасаттылық идеологиясын нығайту мақсатында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесіп Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинар өткізілді.
Іс-шараға Нұр-сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.Ж. Жылқышиева және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-ағарту штабының басшысы Садыбек Түгел қатысты.


