Справочная информация - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Aнықтамалық ақпарат

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 1948 жылы құрылды (Маршалл жоспарын үйлестіру).

Штаб-пәтері Парижде (Франция) орналасқан. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бас хатшы – Хосе Анхель Гурриа Тревиньо (шығу тегі – Мексика).

ЭЫДҰ мақсаттары

Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және мүше елдердің өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу.

ЭЫДҰ құрылымы

ЭЫДҰ құрамына 38 ел, сондай-ақ жеке қатысушы құқығында Еуропалық комиссия (1960 жылдан бастап) кіреді.

Әлемдік ЖІӨ-нің 60% ЭЫДҰ елдерінің үлесінде.

ЭЫДҰ қатысушылар санын кеңейту саясатын жүргізеді. Посткеңестік елдерден ЭЫДҰ-ға 2016 жылы Латвия кірді.

2018 жылы ЭЫДҰ-ға Литва мен Колумбия кірді.

2020 жылы ЭЫДҰ-ға Колумбия кірді.

2020 жылдың 15 мамырында ЭЫДҰ Кеңесі Коста-Риканы ұйымның 38 мүшесі болуға ресми түрде шақырды.

Бас басқарушы орган – ЭЫДҰ Кеңесі. Оның құрамына әр елден 1 өкіл, сондай-ақ  Еуропалық комиссиядан 1 өкіл кіреді. Кеңесті Бас хатшы – Ангел Гурриа басқарады.

ЭЫДҰ Кеңесі тұрақты негізде ЭЫДҰ-дағы Тұрақты Өкілдер деңгейінде кездеседі. Мұндай отырыстарда ұйым қызметінің жалпы бағыттары әзірленеді. Сондай-ақ, жылына 1 рет, әдетте, мамырдың аяғында-маусымның басында Кеңес негізгі мәселелерді талқылау, сонымен қатар ЭЫДҰ-ның алдағы жылға арналған жұмысының басымдықтарын айқындау үшін министрлер деңгейінде кездеседі. Шешімдер консенсус негізінде қабылданады. Кездесулер Бас хатшының төрағалығымен өтеді. Кеңес қабылдаған шешімдердің іске асырылуын Хатшылық қамтамасыз етеді.

Хатшылық құрылымдық органдарының жұмысын қамтамасыз ету үшін тұрақты жұмыс істейтін ЭЫДҰ-ның аппараты болып табылады. Хатшылық ақпарат жинаумен және өңдеумен, құжаттар мен ұсыныстарды әзірлеумен айналысады,талдамалық жазбалар, экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша жарияланымдар шығарады.

ЭЫДҰ Хатшылығының құрамына 19 бөлімше кіреді (хатшылықтар, департаменттер, қаржы, экономика, ғылым және технология, ауыл шаруашылығы, білім беру, қоршаған орта және т.б. сияқты түрлі бағыттар бойынша директораттар). ЭЫДҰ Хатшылығының бөлімшелері комитеттердің жұмысын талдамалық ақпаратпен қамтамасыз етеді және ұсыныстар әзірлейді. Хатшылықтың әрбір бөлімшесіне құзыретіне сәйкес 1-6 комитет, сондай-ақ олардың жұмыс топтары мен кіші топтары бекітілген.

Директораттар халықаралық ақпараттық-талдау орталықтарының рөлін атқарады. Директораттар функцияларының бірі министрлердің жыл сайынғы кездесулерін, ұлттық үкіметтер өкілдерінің қатысуымен комитеттердің отырыстарын (жылына екі рет), сондай-ақ ЭЫДҰ-ға мүше елдердің және әріптес елдердің зерттеу институттарының, білім беру мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдарының сарапшы-қызметкерлерінің мерзімді отырыстарын ұйымдастыру болып табылады. Директораттардың тағы бір функциясы – талдамалық жобаларды әзірлеу және іске асыру. Бұл жобалар, әдетте, еларалық талдау, мониторинг жүргізу, ағымдағы проблемаларды, оның ішінде экономика, білім беру, әлеуметтік-экономикалық даму, ғылым және инновациялар саласындағы проблемаларды зерделеу және болжау үшін статистикалық деректерді жинау болып табылады. Жобаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстар мен олардың нәтижелері отырыстар кезінде қабылданатын Саяси ұсынымдарды қамтитын шешімдерді әзірлеуге негіз болады. Директораттар шеңберіндегі шағын мәселелерді шешу үшін бөлімдер, зерттеу орталықтары, жұмыс және сараптама топтары бар.

Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығы туралы ақпарат

1.      Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылы 2008 жылы Орталық Азияның, Кавказдың және Шығыс Еуропаның 13 елін қамтитын Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (бұдан әр — ЕББ) шеңберінде басталды.

ЕББ инвестициялар тарту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Еуразиядағы жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында іске асырылуда. Бағдарлама ЭЫДҰ стандарттары мен құралдары негізінде іскерлік ахуалды жақсарту жөніндегі саясатты әзірлеуде өңір елдеріне жәрдемдесуге бағдарланған.

2011 жылы Қазақстан ЭЫДҰ-ға ЭЫДҰ-ның Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының (ОАИ) Орталық Азия бастамасы Басқарушы комитетінің жұмысына қатысуға шақырылды, егер ел бағдарламаның доноры болса. Осылайша, ЕББ қызметін қаржыландыру мақсатында 2011 жылы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі мен ЭЫДҰ арасында 2011-2012 жылдарға арналған бағдарламаның бюджетін 800 мың еуро мөлшерінде қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

2013-2016 жылдар аралығында Қазақстан Еуропалық Одақпен бірлесіп ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының Орталық Азия бастамасының тең төрағасы болды.

ЕББ аясында 6 жоба іске асырылды:

1. «Тікелей шетелдік инвестициялар үшін қазақстандық ресурстарды әртараптандыру және секторалдық бәсекеге қабілеттілікті күшейту» (2009-2013 жж.);

2. «Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру» (ҰЭМ, 2011-2016 жж.);

3. «Мемлекеттік секторды реформалау арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» (ҰЭМ, МҚІА, 2012-2014 жж.);

4. «Инновациялық саясатты іске асыру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру» (2014-2016 жж.);

5. «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясы. Мемлекеттік саясат жөніндегі басшылықтарда ұсынылған ұсынымдарды іске асыруға қолдау көрсет»  (2014-2016 жж.);

6. «Қазақстанның салалық бәсекеге қабілеттілігі: бәсекеге қабілеттілікті арттыру және Қазақстан Республикасында юниорлық компаниялар нарығының дамуын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласына ТШИ тарту» жобасы (2014-2018 жж.).

2015 жылы елдік ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюға байланысты ЭЫДҰ-мен барлық жобалар елдік бағдарлама шеңберінде іске асырылуда. 

Өңірлік диалогты қолдау, басқа елдердің әріптестеріне сараптамалық бағалау жүргізу, басым реформаларды айқындау және мемлекеттік қайта құруларды әзірлеу мен жүргізуде қолдау көрсету үшін жыл сайынғы негізде ЭЫДҰ Еуразия апталығы өткізіледі.

2017 жылы 23-25 қазан аралығында Алматы қаласында ЭЫДҰ Еуразияның алғашқы көшпелі апталығы болып өтті, оған Еуразиялық аймақтың 13 елінен 400-ден астам адам қатысты. Осы үш күндік іс-шараның мақсаты Еуразия мемлекеттері мен ЭЫДҰ-ға қатысушы елдер арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін жағдай жасау және өңірдің бәсекеге қабілеттілігімен тікелей байланысты бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты күшейтуге әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару болды.

Еуразия апталығы аясындағы іс-шараларға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.Сағынтаев, Грузия, Тәжікстан және Өзбекстан Премьер-Министрлерінің орынбасарлары, Еуразия және ЭЫДҰ елдерінің министрлері, ЭЫДҰ және Еуразия елдерінің елшілері, серіктестік ұйымдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

ЭЫДҰ 2017 Еуразия апталығы шеңберінде барлығы 16 отырыс және дөңгелек үстел өткізілді, олардың негізгілері ашылу салтанаты, министрлер деңгейіндегі кездесу, басқарушы комитеттердің отырысы, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері бойынша интерактивті пікірталас, іскерлік форум және ЭЫДҰ-ның Қазақстан бойынша Елдік бағдарламасы бойынша сессия болып табылады.

Еуразия аптасының қорытындысы бойынша ШОБ бәсекеге қабілеттілігін арттыру, инвестициялар тарту, экспорттық саясатты оңтайландыру, қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту және т.б. бағыттар бойынша 8 елдің 6 тақырыптық шолуы таныстырылды.

Іскерлік форумы аясында 40 қазақстандық және 30-дан астам шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.

ЭЫДҰ 2017 Еуразия апталығы шеңберіндегі негізгі іс-шара ЭЫДҰ-ның Қазақстан бойынша Елдік бағдарламасы бойынша сессиясы болды, онда бес салалық министр сөз сөйледі және бағдарламаны іске асырудың негізгі нәтижелері, сондай-ақ елдік бағдарлама шеңберінде берілген ұсынымдарды ескере отырып, Қазақстанда реформалар жүргізу процесі талқыланды.

Жалпы, 2017 жылғы ЭЫДҰ Еуразия апталығын өткізу қорытындылары бойынша ЭЫДҰ Хатшылығы іс-шараны ұйымдастыру деңгейінің жоғары болғанын атап өтті, елдер арасында сындарлы диалог пен тәжірибе алмасу жүргізілді.

2. ЭЫДҰ-мен Елдік ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру барысы туралы

         2015 жылғы қаңтарда Давос қаласында ҚР Премьер-Министрі мен ЭЫДҰ Бас хатшысы Қазақстанның ЭЫДҰ-ның 29 негізгі құқықтық құралына қосылуын, сондай-ақ ЭЫДҰ стандарттары мен қағидаттарына сәйкестігін бағалау үшін елдің дамуының түрлі салаларында 13 шолу жүргізуді көздейтін Елдік ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Елдік бағдарлама аясында 2015-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы 13 шолуды жүзеге асырды.

Елдік бағдарламаның бірінші кезеңі

Елдік бағдарламаның бірінші кезеңі шеңберінде мемлекеттік органдар ЭЫДҰ-дан 13 шолу бойынша түпкілікті есептер алды.

2017-2018 жылдарға арналған Елдік бағдарламаның

 екінші кезеңі

Қазақстанның ЭЫДҰ-мен Елдік ынтымақтастық бағдарламасын табысты іске асыру қорытындысы бойынша 2017 жылы Елдік бағдарламаны 2018 жылдың соңына дейін ұзарту мақұлданды.

         Елдік бағдарламаның екінші кезеңі шеңберінде 15 жаңа шолуды іске асыру мақұлданды, оның ішінде 8 жобаны ҰЭМ, 1 – ИИДМ, 2 – Қаржымині, 1 – АШМ, 1 – СИМ, 1 – СІМ, 1 – ЭГТРМ іске асырады.

Құқықтық құралдар

Елдік бағдарлама аясында ЭЫДҰ-ның 29 құқықтық құралына қосылу іске асырылуда.

Бүгінгі таңда Қазақстан 20 құқықтық құралға қосылды, 7-не қосылуға бастама жасалды және 2-не хат жолдау жоспарлануда.

Құқықтық құралдарға қосылу және олардың ережелерін табысты іске асыру сараптамалық шолулар жүргізумен және ЭЫДҰ-ның жұмыс органдарына белсенді қатысумен қатар комитеттерге қатысу мәртебесін арттыру өлшемдерінің де бірі болып табылады. 

Осыған байланысты ЭЫДҰ олардың орындалу сапасын бақылауды жүзеге асырады, бұл өз кезегінде кеңестің ЭЫДҰ комитеттеріне қатысу мәртебесін арттыру туралы шешіміне әсер етеді.

Анықтама:

Құқықтық құралдар – бұл 450-ге жуық құжаттарды (шешімдер, ұсынымдар, кодекстер, келісімдер, конвенциялар, декларациялар және халықаралық келісімдер) қамтитын ЭЫДҰ-ның нормативтік-құқықтық базасы.

ЭЫДҰ-ның нормативтік құжаттарын екі санатқа бөлуге болады:

1. Мемлекетаралық келісімдер, сондай-ақ қатысушы елдер үшін міндетті заңды күші бар ЭЫДҰ Кеңесінің шешімдері.

2. Регламенттеуші міндеттемелер елдеріне жүктемейтін декларациялар, конвенциялар, уағдаластықтар, ұсынымдар белгілі бір салаларда ұлттық реттеудің үздік тәжірибесін енгізуде ұсынымдық сипатта болады.

3. Қазақстанның ЭЫДҰ комитеттері мен жұмыс органдарына қатысуы

Ұйымға мүше елдердің және бақылаушы мәртебесі бар елдердің өкілдерінен тұратын Комитеттер ЭЫДҰ-ның жоғары саяси басқару органдары болып табылады.

ЭЫДҰ құрылымын 250-ге жуық комитет, жұмыс және сараптама топтары құрайды. Әрбір мамандандырылған комитеттің құрамына 35 қатысушы елдің өкілдері кіреді. Олар өз отырыстарын сауда, мемлекеттік сектор кәсіпорындарын басқару, дамуға жәрдемдесу саласындағы, қаржы нарықтары саласындағы және т. б. сияқты неғұрлым шағын салаларда қол жеткізілген прогресті бағалау және жаңа идеяларды әзірлеу үшін өткізеді.

ЭЫДҰ-ға мүше болып табылмайтын елдер ЭЫДҰ комитеттері мен басқа да негізгі органдарының жұмысына қатысу үшін шақырылуы мүмкін. Мұндай елдердің мәртебесі – серіктес. Әрбір Комитет шақырылатын елдерді анықтау үшін халықаралық қатынастар стратегиясын әзірлеуге міндетті. Үш сатылы қатысу көзделеді: шақырылған, қатысушы және қауымдастырылған қатысушы.

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық кезінде Қазақстан Ұйымның 35 жұмыс органына қатысады, оның ішінде ЭЫДҰ-ның 16 комитеті мен жұмыс органдарында «шақырылған» мәртебесі бар. Бұдан басқа, Қазақстан 10 Комитетте және жұмыс органдарында «қатысушы» мәртебесіне,             7-де«әріптес» мәртебесіне, 2-де«қауымдастырылған мүше» мәртебесіне ие.

Мәртебенің мәні

 Шақырылған (Invitee)ЭЫДҰ органының қалауы бойынша субсидиарлық органдардың жекелеген отырыстарына қатысу үшін, егер қатысу жоспарына енгізілген жағдайда шақырылуы мүмкін. Олар отырыстарға қатысу және талқылауға қатысу арқылы Комитеттің мандаты мен жұмыс бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлестерін қосады. Мүшелік жарналар жоқ.
Қатысушы (Participant)Егер өзгеше көрсетілмесе, субсидиарлық органның барлық отырыстарына шектеусіз кезеңге шақырылады. Осы шақыруды шақырушы орган әрбір екі жыл сайын қайта қарауға тиіс. Мүшелік жарна: Комитеттің жұмысына қатысқаны үшін жылына 11 200 евро, егер тиісті комитетке қатыспаса, жұмыс тобында 3 700 евро.
Қауымдастырылған мүше (Associated participant)комитеттің жұмысына ЭЫДҰ мүшелері сияқты тең жағдайларда (құқықтар мен міндеттемелер) қатысады. Алайда, ЭЫДҰ-да жаңа мүшені қабылдау тұрғысынан талқылауға қатыса алмайды. Мүшелік жарна: жылына 21 000 немесе 53 000 евро.