Сауда және интеграция министрлігі электрондық коммерцияны КТС мен ЖТС-нан босатуды жоспарлап отыр - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Сауда және интеграция министрлігі электрондық коммерцияны КТС мен ЖТС-нан босатуды жоспарлап отыр

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлағандай, өкімет қазақстандық цифрлық сауда алаңдарын ынтыландырудың жаңа шараларын пысықтауда.

«Қосымша КТС пен ЖТС төлеуден босату мәселесі пысықталуда,» – деп мәлімдеді Сұлтанов, электрондық коммерцияны дамыту жоспары туралы әңгімелегенде.

Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық Банкпен бірлесіп «төлем жүйесі арқылы  электрондық коммерцияны дамытуды ынталандыру мәселесі» пысықталып жатқанын хабарлады.

СИМ-нің болжамы бойынша, осы жылдың соңына дейін 900 млрд. теңге, ал 2022 жылға қарай онлайн сатып алу көлемі елдегі барлық бөлшек сауданың 2 триллионына немесе 13%-ына жетуі мүмкін.

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2025 жылға қарай электрондық коммерция үлесі нарықтың 15% – ына жетеді.

Пікір қалдыру