QazTradeAcademy білім беру платформасы және Қазақстанның Сауда порталы: МШОК-ті қолдаудың пайдалы құралдары
Ағымдағы жылдың 13 тамызында QazTrade сарапшылары «INVEST SHYMKENT» ЖШС (Шымкент қ.) қызметкерлері үшін экспортты мемлекеттік қолдау шараларын таныстырды.
СЕМИНАРДЫҢ НЕГІЗГІ СӘТТЕРІ:
- экспорттық акселерация бағдарламасы;
- ШОБ-ті электрондық маркетплейстерге шығару;
- Экспорттаушылардың шығындарын өтеу;
- ШОБ-тің халықаралық көрмелерге қатысуы;
- «QazTradeAcademy» платформасы негізінде ШОБ-ті экспортқа оқыту;
- ҚР Сауда порталы (сауда рәсімдері бойынша анықтамалық)
QazTradeAcademy онлайн тегін білім алу мүмкіндігін ұсына отырып, халықаралық сауда мен экспорттың көптеген мәселелерін қамтиды.
Qaztradeacademy.kz онлайн платформасына «Ақылды экспорт» бизнес-практикумы аясында 49 вебинар, сондай-ақ 13 мамандандырылған модульдік курс жүктелді.
Tradeinfo.kz Қазақстанның Сауда порталы ШОБ үшін басым тауарлардың 80 түрі бойынша экспорт, импорт және транзит рәсімдерінің егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтиды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар QazTradeAcademy шеңберінде ұйымдастырылған 4 күндік онлайн-марафонға (13-16 тамыз аралығында) қатысуға шақырылды, оның нәтижелері бойынша экспорттаушылар халықаралық үлгідегі сертификаттар алады.