«QazTrade» АҚ дипломатиялық қызмет қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді     - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

«QazTrade» АҚ дипломатиялық қызмет қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді    

«QazTrade» АҚ дипломатиялық қызмет қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді

          Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында шет елдердегі мекемелерге жұмысқа жіберілетін Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының сауда-инвестициялық бастамалары және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі туралы болу елдеріндегі түсіндіру жұмыстарына даярлау курсын өткізеді. Іс-шараға ҚР СІМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің, АХҚО, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ және «QazTrade» АҚ өкілдері қатысады.

«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы Қазақстан үшін сыртқы сауданың маңыздылығы туралы айтып, отандық экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау құралдарымен таныстырды:

«Экспортты қолдау және дамыту мақсатында Қазақстанда 20-дан астам қаржылық және қаржылық емес шараларды қамтитын біртұтас экожүйе құрылды. Біздің міндетіміз – өндірістердің экспортқа бағдарлануын қалыптастыруда да, сыртқы нарықтарға шығаруда да бизнеске қолдау көрсету. Бүгінгі таңда QazTrade экспорттаушылар үшін бірыңғай терезе, отандық экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін негізгі даму институты болып табылады».

 

Қазіргі уақытта отандық өнімді сыртқы нарықтарда танымал ету мен ілгерілету және сенімді сатып алушыларды іздеу мақсатында QazTrade Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерімен бірлесіп тұрақты негізде белсенді жұмыс жүргізілуде.

QazTrade отандық экспорттаушылардың халықаралық нарықтарға шығу бойынша мүдделілігі туралы хабарлайды және Қазақстан Республикасының елшіліктерінен (ҚРЕ) шығатын әрбір сұрау салуды пысықтайды, сондай-ақ белгілі бір экспорттық кедергілерді шешуге жәрдемдесу мақсатында ҚРЕ-мен тікелей байланысады. Шикізаттық емес экспортты дамыту, оның ішінде экспортқа бағдарланған және басқа да елеулі инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу, жобалардың экспорттық әлеуетін бағалау (market analysis), қазақстандық өнімнің экспортын одан әрі жүзеге асыруға мүдделілікті арттыру мақсатында инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету, шығарылатын өнімнің әлеуетін ескере отырып, өткізу нарықтарын таңдау бөлігінде, өткізу нарықтарының талаптары, экспортқа дайындық, логистиканы есептеу және жобаларды сәтті іске асыру үшін аналитикалық материалдарды қалыптастыру жұмыстар жүргізілуде.

Пікір қалдыру