QazTrade әйелдерді бизнеске итермелейді - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

QazTrade әйелдерді бизнеске итермелейді

2022 жылғы 20 мамырда «QazTrade» АҚ өкілдері «Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі мен гендерлік теңдікті дамыту шеңберіндегі мәдени-креативті кәсіпкерлік» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Дөңгелек үстелді Қазақстандағы Әйелдер кәсіпкерлігі мен гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі коалициясы Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығымен, Американдық заңгерлер қауымдастығының Қазақстандағы құқық үстемдігі бастамасы өкілдігімен, «Ортақ мүдделерді іздеу» ҚҰ және басқалармен бірлесіп ұйымдастырды.

Отырыс барысында қатысушылар мемлекеттік саясатпен және тұжырымдамамен, қолдау шараларымен және Қазақстандағы мәдени-креативті индустрияларды дамытудың заңнамалық негіздерімен таныстырылды.

«QazTrade» АҚ атынан спикерлер ретінде Бас директордың орынбасары Н. Құлбатыров және Субсидиялар және қорғау шаралары департаментінің директоры А. Әмірбекова сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан жұмыс, түрлі жобаларға қатысу, сондай-ақ экспорттық нарықтарға шығу бойынша кәсіпкерлікке көрсетілетін қолдау туралы айтып берді.

Пікір қалдыру