Қазақстан Түркітілдес мемлекеттерге сауданы дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан Түркітілдес мемлекеттерге сауданы дамыту үшін бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды

Ағымдағы жылдың 11-12 қарашасында Стамбул қаласында (Түркия Республикасы) Түркия мен түркітілдес елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Конференция өтті.

ТМЫК (Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі) қатысушылары қатысушылар арасындағы тауар айналымының қарқынды өсуін атап өтті, алайда бүгінгі көрсеткіш әлі де өзара сауданың әлеуетті деңгейін көрсетпейтінін де атап көрсетті. Мәселен, бүгінгі таңда елдер жыл сайын шамамен 15 млрд. доллар сомасына өзара сауда жасайды. Бұл ретте мұнай-химия, металлургия, машина жасау және жеңіл өнеркәсіп өнімдері сауданың негізгі тауарлары болып қала береді – олардың көлемі шамамен 9,2 млрд. долларды құрайды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы «QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров «Жаһандық экономиканы дамытудағы және түркітілдес елдер арасындағы сауда қатынастарын дамытудағы перспективалар» панельдік сессиясында сөйлеген сөзінде сауда байланыстарын нығайту үшін ТМЫК елдерінің бірлескен жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды.

Экспортты тиімді ілгерілету, сауда әлеуетін нығайту және қолда бар өзара байланыстарды күшейту үшін ынтымақтастық пен саудаға жәрдемдесудің рөлі даусыз. Бізге елдеріміздің және бүкіл өңірдің сауда әлеуетін арттыру үшін бірлескен күш-жігермен жұмыс істеуіміз қажет, – деді ол

Құлбатыров ТМЫК елдерінің саудасындағы уәкілетті ұйымдардың тұрақты өзара іс-әрекетін реттеуді, елдер арасындағы сауданың жағдайына бірлескен мониторинг жүргізуді және қазіргі уақытта бар кедергілерді талдай отырып, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің барлық елдерінің саудасына жыл сайынғы Шолу дайындауды ұсынды.

Бұл ұйым ынтымақтастығының нәтижелері туралы көрнекі ақпаратқа ие болуға және саудадағы кедергілерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Құлбатыров.

QazTrade өкілінің айтуынша, өңірлік бірлестіктердің келісілген күш-жігері COVID-19 пандемиясының дағдарысын еңсеру және одан әрі тұрақты даму саласында аса маңызды.

Қазақстанның ұсынысын Конференцияға қатысушылар қолдады.

Пікір қалдыру