Орталық Азиядағы сауда жөніндегі USAID бағдарламасы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Орталық Азиядағы сауда жөніндегі USAID бағдарламасы

2022 жылғы 7 ақпанда Нұр-Cұлтан қаласында Орталық Азиядағы сауда жөніндегі USAID бағдарламасының басталуына арналған іс-шара өтті.

Оған ҚР Cауда және интеграция министрлігі мен «QazTrade» АҚ, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың, жеке сектордың жетекші қауымдастықтары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«QazTrade» АҚ Бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров Орталық Азия өңіріндегі сауда саясаты, аймақтағы өңірлік сауда процестерін жандандыру жөніндегі шаралар, сондай-ақ сауда рәсімдерін оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Орталық Азиядағы сауда жөніндегі USAID бағдарламасы кедендік және шекаралық бақылау рәсімдерін үйлестіру, сауда және инвестициялар мәселелерінде мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы серіктестіккті нығайту, коммерциялық кәсіпорындар арасындағы трансшекаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ сауда саласындағы гендерлік мәселелерді шешу арқылы Орталық Азиядағы экономикалық өсуге және экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге жәрдемдесу үшін өңірдегі сауда саласындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған.

USAID жобасымен ынтымақтастық шеңберінде өткен жылы Алматы облысының пилоттық экспорттық стратегиясы, сондай-ақ Қазақстан өңірлері үшін экспорттық стратегияны әзірлеу әдістемесі жасалды.

Ағымдағы жылы ​ ​ аталмыш пилоттық жобаны іске асыру бағытында «QazTrade» АҚ серіктес ретінде әрекет етеді.

Пікір қалдыру