Өтемдік тергеулер - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Өтемдік тергеулер

Өтемдік тергеулер

ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес субсидиялардың мынадай түрлерін ұсынуға тыйым салынады:

– осы субсидияны беретін мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауарды экспорттауға бағытталған әкету субсидиясы

– субсидия беретін мүше мемлекеттің тауарын пайдалануды қолдауға бағытталған субсидияны алмастыратын субсидия.

Тыйым салынған субсидияларды беру басқа мүше мемлекеттің аумағына импорттың ұлғаюына әкеп соғады, бұл ұлттық салаға және осы мемлекеттің өндірушілеріне залал келтіреді.

Осындай жағдайларды шешу үшін ЕАЭО туралы шартта өтемдік тергеп-тексеру түріндегі тетік көзделген.

ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес өтемдік тергеп-тексерулерді құзыретті орган осы мүше мемлекеттің аумағында тіркелген ұқсас тауардың ұлттық өндірушілерінің жазбаша нысанда берген өтінішінің негізінде не құзыретті органның өз бастамасы бойынша жүргізеді.

Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы деңгейінде өтемдік тергеп-тексерулер мәселелері:

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңымен.

«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қатысты өтеу шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 670 қаулысымен.

«Сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану туралы, өзгерту немесе алып тастау туралы ұсыныстарды қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығымен реттеледі.