Өнірлік экспорттық кеңестері – мемлекет пен бизнес диалогы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Өнірлік экспорттық кеңестері – мемлекет пен бизнес диалогы

Жыл басынан бастап Өңірлік экспорттық кеңестердің 20 отырысы өтті

Өңірлік экспорттық кеңестердің басты міндеті бизнес-қоғамдастық өкілдерінің уәкілетті мемлекеттік органдармен және экспортты дамыту институттарымен тікелей байланыс орнату болып табылады. Мұндай өзара іс-қимыл туындаған барлық проблемалық жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Өңірлік экспорттық кеңестердің 20 отырысы өтті, оның ішінде 7-уі оффлайн форматта. Оларды QazTrade компаниясы және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырды.

ӨЭК өткізу кезінде QazTrade өкілдері 100-ден астам компанияны аралады, ал ӨЭК қатысушылары 400-ден астам жұмыс істейтін және әлеуетті экспорттаушылар болды.

Кездесулерге ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, «KazakhExport» ЭСК» АҚ, өңірлік кәсіпкерлік палаталарының, өңірлік экспортты дамытуға және ілгерілетуге жауапты жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

QazTrade өкілдері отандық кәсіпкерлерді қолдаудың құралдарын (экспортқа арналған шығындардың бір бөлігін өтеу, экспорттық акселерация, электрондық сауда алаңдарына шығару, экспорттық қызметті оқыту, сауда-экономикалық миссияларға қатысу) егжей-тегжейлі ұсынылады және экспорт мәселелері бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.

Алынған ақпараттың арқасында кәсіпкерлер экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту мен экспортты қолдаудың түрлі бағдарламаларына белсенді қосыла алады. Атап айтқанда, компанияларға экспорттық акселерация бағдарламасы туралы ақпарат берілді және оған қатысуға өтінімдер Қазақстанның барлық өңірлерінен 500-ден астам компаниядан келіп түсті (іріктеу қорытындысы бойынша 101 компания қатысушы болды).

Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкерлер – ӨЭК қатысушылардың QazTrade компаниясы ұйымдастыратын оқыту семинарларына қатысуының жандануы байқалады. Мысалы, «Ақылды экспорт» бизнес практикумында.

Өңірлік экспорттық кеңестер өткізу және экспорттаушы компанияларға бару кезінде отандық өндірушілер экспорттық қызметті жүргізу бөлігінде неғұрлым талап етілетін тақырыптар бойынша оқытуды ұйымдастыру бөлігінде өз ұсыныстарын берді. Қазақстандық экспорттаушылардың «тез өзгеретін» сауда шарттары кезінде құзыреттілігі мен дағдыларын арттырудың барлық маңыздылығын түсіне отырып, 18-27 қазан аралығында 200-ден астам экспорттаушы өкілдерінің қатысуымен практикаға бағдарланған интенсив ұйымдастырылды.

Жыл соңына дейін тағы 3 Өңірлік экспорттық кеңесін өткізу жоспарлануда.

 «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ шикізаттық емес өнім экспортын дамыту және ілгерілету жөніндегі оператор болып табылады. Компания диагностикасынан және оның экспорттық мүмкіндіктерін бағалаудан бастап экспорттаушылардың шығындарын өтеуге, сапалы талдау мен консалтингтік қызметтер көрсетуге дейін отандық өнім өндірушілерді қаржылық емес қолдау құралдары компанияда шоғырланған.

Пікір қалдыру