Өнеркәсіптік субсидиялар
Өнеркәсіптік субсидиялар
ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік субсидия деп мыналар түсініледі:
1. нәтижесінде артықшылық қамтамасыз етілетін және сол арқылы жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғаларға қаржылық жәрдемдесу:
– ақша қаражатын тікелей аудару (мысалы, қайтарылмайтын несиелер, кредиттер түрінде); жарғылық капиталдағы үлесті сатып алу немесе оны ұлғайту немесе осындай қаражатты аудару міндеттемелері (мысалы, кредиттер бойынша кепілдіктер);
– мүше мемлекеттің кірісіне түсуі тиіс төлемдерді өндіріп алудан толық немесе ішінара бас тартуды (мысалы, салық жеңілдіктері, борышты есептен шығару);
– тауарларды немесе қызметтерді ұсыну;
– өнеркәсіп тауарларын сатып алу;
2. кез келген мүше мемлекеттің аумағынан өнеркәсіптік тауарды әкелуді қысқартуға немесе кез келген мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауарды әкетуді ұлғайтуға ықпал ететін кірістерді немесе бағаларды қолдаудың кез келген басқа нысаны.
Қазіргі уақытта ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің аумақтарында өнеркәсіптік тауарларға қатысты, оның ішінде өнеркәсіптік тауарларды өндірумен, өткізумен және тұтынумен тікелей байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну немесе алу кезінде өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары қолданылады.
Өнеркәсіптік субсидияларды беру қағидалары, өнеркәсіптік субсидияларға жататын тауарлар, сондай-ақ субсидиялар түрлері ЕАЭО туралы шартқа № 28 қосымшада айқындалған.
ЕАЭО аясында келесі субсидия түрлеріне тыйым салынған:
– әкету субсидиясы – осы субсидияны беретін мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына өнеркәсіптік тауарды экспорттау нәтижелерімен шарт ретінде байланыстырылған субсидия;
– алмастырушы субсидия – ұсынылуы осы субсидияны беретін мүше мемлекеттің аумағынан шығарылатын өнеркәсіптік тауарды пайдалану шарты ретінде байланыстырылған субсидия.
ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес мүше мемлекеттер жыл сайын бір-біріне жоспарланып отырған және берілген өнеркәсіптік субсидиялар туралы хабарламалар ұсынады.
Хабарламаларды берудің практикалық маңыздылығы міндеттемелерді орындаудан басқа, ЕАЭО-қа мүше басқа мемлекеттердегі шағын, орта және ірі бизнеске берілетін барлық қолдау шаралары туралы ақпараттың болуы болып табылады.