Отандық өңделген тауарларды/көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі уәкілетті орган 2021 жылдан бастап ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ведомстволық бағынысындағы компания «QazTrade» АҚ-ы болып табылады.
2022 жылы өткізілген 2 ВАК қорытындысы бойынша 51 компаниядан жалпы сомасы 1 029,32 млн. теңгеге 61 өтінім мақұлданды, оның ішінде:
– тауарларды жеткізуге байланысты шығындар бойынша – 999, 32 млн. теңге сомасына 54 өтінім;
– тауарларды ілгерілету бойынша – 30 млн. теңге сомасына 7 өтінім.
Мемлекеттік қолдаудың осы түрінің орнына экспорттаушылар өздеріне қарсы міндеттемелерді қабылдайды, олар өтем алуға арналған келісімдерде тіркеледі.
Мәселен, экспорт кезінде шығындарының бір бөлігі өтелген 51 компания 2023 жылға қарай мынадай көрсеткіштерді арттыруды жоспарлап отыр:
– экспорт көлемін 55,9 млн теңгеге;
– бюджетке салық аударымдарын 3,0 теңгеге;
– жұмыс орындарының санын 623 адамға.
2021 жылы 24 ВАК қорытындысы бойынша 162 компанияның жалпы сомасы 6 025,97 млн теңгеге 306 өтінімі мақұлданды, оның ішінде:
Өтем алған компаниялар мынадай көрсеткіштерді арттыру бойынша өздеріне қарсы міндеттемелер алды:
– экспорт көлемін 134 874,37 млн. теңгеге;
– бюджетке салық аударымдарын 10 306,49 млн. теңге;
– жұмыс орындарының санын 2 948 адамға.