ЕАЭО шеңберіндегі қызмет - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ЕАЭО шеңберіндегі қызмет

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның ЕАЭО шеңберіндегі қызметі

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы»  АҚ-ы ЕАЭО шеңберінде:

өнеркәсіптік субсидиялар, қорғау шаралары және тауарлардың шығарылуын айқындау мәселелері бойынша Қазақстанның ЕАЭО шеңберіндегі міндеттемелерін орындау бойынша талдамалық және консультациялық қолдау көрсетеді;

– заңнаманың ЕАЭО нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР мен ЕАЭО нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргізеді, сәйкес келмейтін ережелерді түзету бойынша ұсынымдар береді;

– ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік субсидиялар беруде Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын сақтауға мониторинг жүргізеді;

– Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік субсидиялар туралы нотификациялар дайындаумен айналысады;

– тауарлардың шығарылған елін айқындау саласындағы ұлттық және ұлттықтан жоғары заңнаманы талдауды жүзеге асырады және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді;

– ЕАЭО шеңберінде тауарлардың шығарылуын айқындау мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.