ЕАЭО шеңберіндегі қызмет
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның ЕАЭО шеңберіндегі қызметі
«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы ЕАЭО шеңберінде:
– өнеркәсіптік субсидиялар, қорғау шаралары және тауарлардың шығарылуын айқындау мәселелері бойынша Қазақстанның ЕАЭО шеңберіндегі міндеттемелерін орындау бойынша талдамалық және консультациялық қолдау көрсетеді;
– заңнаманың ЕАЭО нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР мен ЕАЭО нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына сараптама жүргізеді, сәйкес келмейтін ережелерді түзету бойынша ұсынымдар береді;
– ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік субсидиялар беруде Қазақстан Республикасы міндеттемелерінің орындалуын сақтауға мониторинг жүргізеді;
– Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік субсидиялар туралы нотификациялар дайындаумен айналысады;
– тауарлардың шығарылған елін айқындау саласындағы ұлттық және ұлттықтан жоғары заңнаманы талдауды жүзеге асырады және оларды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді;
– ЕАЭО шеңберінде тауарлардың шығарылуын айқындау мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.