Дайджест мазмұны - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Дайджест мазмұны

  • Аралық тауарлар экспорты пандемиядан қалпына келгеннен кейін 2021 жылдың I тоқсанында өсуін сақтады
  • ДСҰ Бас директорының орынбасары Погам жаһандық пластикалық әрекеттердегі сауданың рөлін атап өтті
  • 2020 жылы компьютерлік қызметтердің экспорты көптеген елдерде әр түрлі аймақтарда екі таңбалы мәнге өсті
  • ДСҰ-ның аралық тобы Қытайдан импортталатын фотоэлектрлік элементтерге қатысты АҚШ-тың қорғаныс шаралары туралы есепті жариялады

Аралық тауарлар экспорты пандемиядан қалпына келгеннен кейін 2021 жылдың I тоқсанында өсуін сақтады[1]

ДСҰ деректері бойынша жиынтықтаушы бұйымдар мен бөлшектер сияқты аралық тауарлардың әлемдік экспорты 2021 жылдың I тоқсанында 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20%-ға өсті. Аралық тауарлар экспортының бұл өсуі COVID-19-дың әлемдік таралуы бастапқы сатысында тұрған 2020 жылдың II тоқсанындағы күрт құлдыраудан кейін сақталып отыр.

2019-2021 жылдардың I тоқсанындағы әлемнің өңірлері бойынша аралық тауарлардың экспорты

2021 жылдың I тоқсанында аралық тауарлар экспортының ең жоғары өсуі (28%) Азияда Қытайдан аралық өнеркәсіптік тауарлар экспортының 41%-ға (негізінен ақпараттық технологиялар жабдықтары мен фотоэлектрлік элементтер) артуына байланысты тіркелді.

2021 жылдың I тоқсанындағы ең тұрақты жеткізілім тізбегі 43%-ға өсетін кендер, асыл тастар және сирек кездесетін жер элементтері, сондай-ақ тамақ пен сусындар (22%-ға өстә) болды. Керісінше, көлік бөлшектері мен керек-жарақтарының экспорты пандемия сұранысқа да, автомобиль өндірісіне де әсер еткендіктен, 2020жылы күрт құлдыраудан кейін 6% қалпына келуді көрсетті.

Аралық тауарлар саудасы туралы ақпараттық жазба

2021 жылдың I тоқсанына мына сілтеме бойынша алуға болады: https://www.wto.org/english/res_e/statis_e/miwi_e/info_note_2021q1_e.pdf

ДСҰ Бас директорының орынбасары Погам жаһандық пластикалық әрекеттердегі сауданың рөлін атап өтті[2]

1 қыркүйекте теңіз қоқысы мен пластикпен ластану жөніндегі министрлік конференциясының ашылуында ДСҰ Бас директорының орынбасары Жан-Мари Погам сауда пластикке қатысты жаһандық мәселелерді шешуде маңызды рөл атқаратынын айтты. Германия, Гана, Эквадор және Вьетнамның Қоршаған орта министрліктері ДСҰ базасында келесі жылы өтетін қоршаған орта жөніндегі БҰҰ-ның 5-ші Ассамблеясына (ЮНЕА) дайындық мақсатында жоғары деңгейдегі кездесулер өткізеді.

«Пластикті қалай өндіретініміз, тұтынғанымыз және қайта өңдейтініміз қоршаған ортаға және денсаулығымызға айтарлықтай зиян тигізетіні туралы түсінік артып келеді», – деді Бас директордың орынбасары Жан-Мари Погам. «Өткен жылдың қараша айында ДСҰ мүшелері ластану және пластиктің экологиялық тұрақты саудасы (IDP) мәселелері бойынша бейресми диалогты бастады. Осы сәттен бастап ДСҰ шеңберінде пластика тақырыбы бойынша пікірталастар төрт еседен астам ұлғайды және біз осындай ластануға қарсы күрес жөніндегі ішкі, өңірлік және жаһандық күш-жігерді қолдауда сауда ынтымақтастығын кеңейту үшін негізгі мүмкіндіктерді айқындауға ұмтыламыз», – деп атап өтті ол.

«Сауда саясатының пластикпен ластануға қарсы күресте атқаратын рөлі барған сайын айқын бола түсуде. Сауда саясатын жасаушылар пластикке қатысты жаһандық мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін белгілі бір құралдар бар», – деді ол.

Министрлік конференциясы 2022 жылғы ақпанда ЮНЕА-ның 5-ші сессиясының екінші бөлігі қарсаңында бейресми консультацияларға қатысуды көздейді, онда үкіметтер пластикпен ластануға қарсы күрес жөніндегі жаңа жаһандық шарт бойынша келіссөздер жүргізу мүмкіндігін қарайды.

2020 жылы компьютерлік қызметтердің экспорты көптеген елдерде әр түрлі аймақтарда екі таңбалы мәнге өсті[3]

2020 жылы компьютерлік қызметтердің экспорты көптеген елдерде әр түрлі аймақтарда екі таңбалы мәнге өсті. Жылдам өсу көптеген елдерде байқалды, бұл басқа қызмет көрсету секторларындағы құлдыраумен күрт ерекшеленді. Компьютерлік қызметтер, соңғы 10 жылдағы ең жылдам дамып келе жатқан қызмет көрсету секторы, 2020 жылы 8 пайызға өсті, бұған қашықтан жұмыс істеуге көшу және цифрландыруды өсуі ықпал етті. АҚШ-тан компьютерлік бағдарламалық қамтамасыздандыру экспорты 2020 жылы 13 пайызға өсті. Оның ішіндегі бағыттар ЕО (22 пайыз), Канада (12,6 пайыз), Жапония (10,9 пайыз), Ұлыбритания (9,1 пайыз) және Швейцария (6 пайыз). АҚШ-тың бұлтты есептеу және сақтау қызметтерінің экспорты 2020 жылы 25 пайызға артып, АҚШ-тың компьютерлік қызметтер экспортының 16,8 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 7,8 пайыз құраған.

ДСҰның аралық тобы Қытайдан импортталатын фотоэлектрлік элементтерге қатысты АҚШтың қорғаныс шаралары туралы есепті жариялады[4]

2021 жылдың 2 қыркүйегінде ДСҰ Қытай бастаған «Америка Құрама Штаттары – кристалды кремнийден фотоэлектрлік элементтердің импортына қатысты қорғаныс шаралары» (DS562) ісі бойынша аралық топтың есебін таратты.

Аралық топ Қытай Америка Құрама Штаттары әрекеттерінің сәйкес еместігін көрсете алмады деп санайды.

Анықтама:

2018 жылғы 14 тамызда Қытай Құрама Штаттардан кристалды кремнийге негізделген фотоэлектрлік өнімдердің импортына қатысты АҚШ енгізген соңғы қорғаныс шаралары туралы кеңес сұрады.

Аралық топтың есебімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.wto.org/english/tratop_e/dispu_e/562r_e.pdf

[1] https://www.wto.org/english/news_e/news21_e/miwi_02sep21_e.htm

[2] https://www.wto.org/english/news_e/news21_e/ppesp_01sep21_e.htm

[3] https://www.wto.org/english/res_e/statis_e/wts2021_e/wts2021_e.pdf

[4] https://www.wto.org/english/news_e/news21_e/562r_e.htm