Қорғаныс шаралары
Қорғаныс шаралары
ЕАЭО-тың қалыптасуына орай Одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары Бірыңғай ішкі нарық болып табылады, бұл ретте сыртқы сауданы реттеудің бірыңғай шаралары қолданылады. Осындай жағдайларда мүше мемлекеттердің ортақ міндеті ішкі нарықты мүше мемлекеттердің өндірушілері мен экономикаларына залал келтіретін үшінші елдерден импорттаудан қорғау болып табылады.
Тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау үшін Одақ мынадай шаралар енгізуі мүмкін:
– арнайы қорғау шаралары (импорттың күрт өсуіне қатысты шаралар);
– демпингке қарсы шаралар (демпингтік импортқа қатысты шаралар);
– өтемақы шаралары (субсидияланатын импортқа қатысты шаралар).
Қазіргі уақытта ЕАЭО-да ішкі нарықты қорғаудың 20 түрлі шарасы қолданылады.
Аталған шаралар енгізілгенге дейін ЕАЭО өндірушілері фактілерін Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті тергеп-тексеретін залал немесе залалдың қаупі туралы өтініш жібереді.
2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес тауарлармен өзара саудада ішкі нарықтың жұмыс істеуі шеңберінде мүше мемлекеттер, Шартта көзделген мынадай жағдайларды қоспағанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданбайды:
1) адам өмірі мен денсаулығын қорғау;
2) қоғамдық мораль мен құқықтық тәртіпті қорғау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жануарлар мен өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды қорғау;
5) халықаралық міндеттемелерді орындау;
6) елдің қорғанысын және мүше мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер арасындағы саудада қолданылатын қорғау шараларының ерекше жағдайлары субсидияланатын импортты өтемдік тергеп-тексеру болып табылады.
Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы деңгейінде қорғау шараларының мәселелері «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңымен реттеледі.