Қазақстандық кәсіпкерлерді Душанбеге шақыру  - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстандық кәсіпкерлерді Душанбеге шақыру 

Қазақстандық кәсіпкерлерді Душанбеге шақыру 

Өңделген өнімнің экспортына жәрдемдесу мақсатында «QazTrade» АҚ ҚР сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен 2024 жылғы 19-22 тамыз аралығында Тәжікстанның Душанбе қаласында қазақстандық тауар өндірушілер үшін сауда-экономикалық миссия ұйымдастырады.

Іскерлік сапар шеңберінде экспорттаушыларға бизнес-серіктестермен тікелей байланыс орнатуға және әлеуетті сатып алушылармен сауда ынтымақтастығы туралы уағдаласуға, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізуге мүмкіндік беріледі.

Сауда миссиясы Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту, екі елдің кәсіпкерлері арасында тәжірибе алмасуына ықпал етеді.

Душанбе қаласындағы сауда миссиясы шеңберінде «QazTrade» АҚ өңделген дайын өнімді өндіруші қатысушылардың келесі шығындарын өтейді:

* Қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес);

* Трансфер.

Кәсіпорындардан өтінімдер 2024 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады, тіркеу сағат 18.00-де жабылады.

Сілтеме бойынша тіркелу: https://forms.gle/LPxTqWb51BT71oFz8

Барлық сұрақтар бойынша тел.+7 700 373 7708; +7 702 702 97; +7 775 230 0982, e-mail: g.baigubessova@qaztrade.org.kz, a.zhalmukhambetova@qaztrade.org.kz, a.baibolova@qaztrade.org.kz