ЕАЭО құрылу тарихы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ

ЕАЭО құрылу тарихы

Еуразиялық экономикалық одақтың құрылу тарихы

1994 жыл

Біртұтас экономикалық кеңістік құру және бірлескен қорғаныс саясатын қамтамасыз ету бойынша интеграциялық бірлестік құру идеясын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылғы 29 наурызда Ресейге алғашқы ресми сапары барысында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жария етті.

1994 жылғы маусымда жобада алғаш рет жаңа интеграциялық бірлестік Еуразиялық одақ деп аталды.

1995 жыл

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы еркін экономикалық өзара іс-қимыл, тауар алмасу және қатысушылардың адал бәсекелестігі мақсатында Кеден одағы туралы келісімге қол қойды.

1999 жыл

1999 жылғы 26 ақпанда Мәскеуде Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Президенттері Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы шартқа қол қойды.

2000 жыл

2000 жылғы 10 қазанда Астанада Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының Президенттері Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты (ЕурАзЭҚ) құрды.

2010 жыл

2010 жылғы қаңтарда Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағы жұмыс істей бастады: бірыңғай кедендік тариф қолданысқа енгізілді, ішкі шекараларда кедендік ресімдеу мен кедендік бақылау жойылды.

2011 жыл

2011 жылғы қазанда Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуы бойынша келіссөздерді бастау туралы шешім қабылданды.

2011 жылдың қараша айында Кеден одағы елдерінің көшбасшылары қол қойды:

  • Еуразиялық экономикалық интеграция туралы декларация, онда 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап интеграциялық құрылыстың келесі кезеңі –  Бірыңғай экономикалық кеңістікке көшу туралы жарияланды;
  • Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің реттеуші органы –  Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарт.

2012 жыл

2012 жылғы қаңтарда Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы үшін негіз құрған Бірыңғай экономикалық кеңістік жұмыс істей бастады.

2012 жылғы ақпанда штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан Еуразиялық экономикалық комиссия өз жұмысын бастады.

2014 жыл

2014 жылғы 29 мамырда Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің Президенттері Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойды.

2014 жылғы 10 қазанда Армения Республикасының ЕАЭО-қа қосылуы туралы шартқа қол қойылды.

2014 жылғы 23 желтоқсанда Қырғыз Республикасының ЕАЭО-қа қосылуы туралы шартқа қол қойылды.

2015 жыл

2015 жылғы 1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт күшіне енді.

2015 жылғы 2 қаңтарда Армения Республикасы ЕАЭО-қа ресми түрде кірді.

2015 жылғы 29 мамырда ЕАЭО шеңберінде Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру туралы бірінші келісімге қол қойылды.

2015 жылғы тамызда Қырғыз Республикасының ЕАЭО-қа кіру рәсімі аяқталды.