2020 жылғы 23 қазанда QazTrade экспорттық акселерациясы аясында «Қытай супермаркеттерінде сатуды қалай жүргізу керек»тақырыбында кезекті топтық онлайн коучинг сессиясы өтті. Сессияны Қытайдың осы саласының ірі сарапшысы Джеймс Чжан Мырза, Yonghui Superstores супермаркеттер желісінің сатып алу және азық-түлік санатындағы стратегия бойынша менеджері өткізді.
Yonghui Superstores 2001 жылы құрылған және бөлшек сауда кәсіпорындарының ірі тобы болып табылады. Компания 2010 жылдан бастап биржада жұмыс істейді және қазіргі уақытта 6 млн шаршы метрден астам операциялық алаңға және Қытайдағы 1 133 дүкенге ие. Компания 100 ірі желілік кәсіпорындардың және Қытайдың төрт ірі FMCG желілік кәсіпорындарының қатарына кіреді.
Коучинг сессиясы барысында Чжан Мырза Yonghui Superstores супермаркеттер желісі сияқты бөлшек арналар арқылы өз өнімдерін ілгерілететін компанияларға арналған продакт-менеджер тәжірибесімен бөлісті және супермаркеттерге шығуға байланысты практикалық сұрақтарға жауап берді, өз клиенттеріне қалай бағдарлану керек және өзінің дистрибьюторымен/көтерме/бөлшек сатушымен қарым-қатынасты қалай басқару керек және тағы басқалар.