Кулбатыров Нурлан Найзабекович - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Кулбатыров Нурлан Найзабекович

Бас директордың бірінші орынбасары

Жалпы ақпарат, білімі

2009 жылы К. А. Тимирязев атындағы  Ресей мемлекеттік аграрлық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Түркияда және ҚХР-да ғылыми тағылымдамадан өтті.

Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысты (2020 ж.).

 

Атқарған қызметтері (мансабы)

Еңбек жолын 2009 жылы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да экономикалық дамуды жоспарлау орталығының аға сарапшысы болып бастады.

2010-2016 жылдары ҚР ҰЭМ жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Инвестициялық процестерді талдау басқармасының аға сарапшысы, Инвестициялық процестерді талдау басқармасының бастығы, Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2016 жылғы 03 мамырдан бастап Сауда және интеграция министрлігі жанындағы «QazTrade» с ауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

 

«Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары», «Өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы», «Іскерлік ахуал» ұлттық есебі сияқты құжаттарды әзірлеуге қатысты.

Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастықтың Елдік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жобалық топтың жетекшісі болды.

2015 жылдан бастап Назарбаев Университеті базасында «Global Entrepreneurship Monitor» ұлттық командасының мүшесі.

 

Жетекшілік жасайтын  мәселелері

ДСҰ, ЕАЭО және ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етеді.

Институционалдық әріптесінен ITC жобасын іске асыру жөніндегі жобалау тобының жетекшісі.