Қазақстан-Сингапур сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы вебинар - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

Қазақстан-Сингапур сауда-экономикалық ынтымақтастығы туралы вебинар

2021 жылғы 7 шілдеде «QazTrade» АҚ Бас директоры А.Асқарұлы Қазақстан мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға арналған вебинарға қатысты.

Вебинарды Қазақстанның Сингапурдағы Елшілігі, Сингапур Бизнес форумы Сингапур агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараны Сингапурдағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Арыстанов құттықтау сөзімен ашты. Бұл іс-шара біздің елдеріміз арасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту пайымын қалыптастыруға арналған.

Өз сөзінде А.Асқарұлы екі мемлекеттің өзара саудасының ағымдағы жағдайы және қазақстандық тауарлардың Сингапур нарығына шикізаттық емес экспортын арттыру әлеуеті туралы айтып берді. Мәселен, Қазақстан мен Сингапур арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 112,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 61,4%-ға төмен (290,6 млн. АҚШ долл.). Қазақстандық тауарлардың Сингапурға 40 тауар позициясы бойынша экспорттық әлеуеті шамамен 284 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде тамақ өнеркәсібі саласында 13 тауар позициясы бойынша 58,7 млн. АҚШ долл.

Сөзін жалғастырған А. Асқарұлы экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы, атап айтқанда, Экспорттық акселерацияның бірінші бағдарламасын іске қосу және қазақстандық компанияларды Alibaba.com халықаралық электрондық сауда платформасына шығару бағдарламасы туралы айтып берді.

Qaztrade басшысы Қазақстандық өнім барлық қажетті талаптар мен халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін атап өтіп, біздің өнім сингапурлық контр-серіктестерді қызықтыратынына сенім білдірді.

Іс-шара барысында тамақ өнімдерін өндірушілер: «Кусто Агро» ЖШС, «Ордабасы Құс» ЖШС, «Sun Bee» ЖШС, «Madlen» ЖШС, «Интеграция-Түрген» ЖШС және «Александровский сад» ЖШС өз мүмкіндіктері туралы баяндады.

Пікір қалдыру