ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ АПТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ
Санкциялық шектеулер жағдайында бизнесті ақпараттандыру

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ АПТАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дайджест мазмұны

  • Сауда саясатына шолу жөніндегі орган – Халықаралық сауда ортасындағы өзгерістердің сауда мониторингісіне шолу
  • Ғаламдық саудада шағын бизнеске көмек көрсету үшін декларациялар мен ұсынымдар жинағы қабылданды
  • Инвестицияларды жеңілдету бойынша келісім бойынша келіссөздер қатысушылары өнімді жыл қорытындыларын тұжырымдады
  • Швеция ауыл шаруашылығы саудасы стандарттарын сақтауда дамушы елдерге көмек көрсетуге 40 миллион швециялық кронаны бөлуде
  • ДСҰ мүшелері Сауда және гендерлік мәселелер жөніндегі Бейресми жұмыс тобының бірінші отырысында жұмыс жоспарын талқылады
  • Қатысушылар COVID-19 пандемиясына жауап ретінде зияткерлік меншік бойынша міндеттемелерден уақытша бас тарту туралы ұсынысты талқылауды жалғастыруда

Сауда саясатына шолу жөніндегі орган – Халықаралық сауда ортасындағы өзгерістердің сауда мониторингісіне шолу

ДСҰ Бас директорының орынбасары Йонов Фредерик Аганың түсініктемелері:

Ұсынылған Есеп ДСҰ мүшелері 2019 жылғы 16 қазаннан бастап 2020 жылғы 15 қазанға дейінгі кезеңде енгізген жаңа сауда және саудамен байланысты шараларды қамтиды. Ол COVID-19 пандемиясы тұрғысында, кейінгі адами, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді ескере отырып дайындалды. Осылайша, ол осы жылғы қазанның ортасына дейін денсаулық саласындағы ғаламдық дағдарыс саудаға тигізген әсерді толықтай көрсетеді.

Есепте ғаламдық сауда саясатын қалыптастырудағы бірнеше маңызды беталыстар мен оқиғалар айқындалады және осы кезеңде бақыланған негізгі беталыстарға жалпы баға беріледі. Ол сонымен қатар ДСҰ мүшелерін хабарландырудың жай-күйі туралы түпкілікті есеп болып табылады.

Есепке қосылған ақпарат мүшелер мен бақылаушылар ұсынған материалдарды, сонымен қатар басқа ресми және жалпыға қолжетімді қайнаркөздерден алынған ақпаратты қамтиды. Бұл соңғы жылдық шолудағы қатысу деңгейінен айтарлықтай жоғарырақ, бұл ағымдағы жағдайларда зор сенім ұялатады.

Әлемдік сауда пандемияға дейін баяулағанымен, номиналды долларлық мәндерде тауарлар экспорты алдыңғы жылмен салыстырғандла 2020 жылғы екінші тоқсанда 21%-ға төмендеді, ал коммерциялық қызметтер экспорты 30%-ға төмендеді. Жорамал бойынша, соңғы уақытта бұл төмендеу баяулаған, бұл туралы ДСҰ жуырдағы болжамдары куәландырады.

Есеп соңғы 12 айда ДСҰ мүшелерімен тауарларға қатысты жаңа жүйелі саудалық және саудамен байланысты шараларды жүзеге асыру қарқынының баяулағанын көрсетеді. Іс жүзінде, ДСҰ мүшелері және бақылаушылары сауданы шектейтін 89 жаңа шараны, және сауда ресімдерін жеңілдету бойынша 88 шараны енгізді, бұл 2012 жылдан бастап бақылаулардың барлық тарихында ең төмен көрсеткіштер болып табылады.

Сауданың импортты жеңілдету бойынша қарапайым шаралармен қамтылуы 731,3 млрд АҚШ долларын құрады (алдыңғы кезеңдегі 544,7 млрд АҚШ долларымен салыстырғанда), ал импорттық шектеулердің қамтуы 440,9 млрд АҚШ долларына жетті (746,9 млрд АҚШ долларынан төмендеу). Бұл – жағымды көрсеткіш. Бұл төмендеу, бәлкім, жалпы ғаламдық сауда ағындарының күрт төмендеуінің, сауда саясаты арқылы, сонымен қатар басқа салалардағы үкімет назарының пандемиямен күреске алдарқауының, сонымен қатар сауда ағынын қолдау бойынша жалпы міндеттеменің нәтижесі болған шығар.

Алайда импортты шектейтін шаралар уақыт өте жинақталады. 2019 жылдың соңында әлемдік импорттың шамамен 8,7% (1,6 триллион доллар) 2009 жылы енгізілген және осы күнге дейін қолданылатын осындай шаралардан зардап шекті. Біз 2020 жылға берген бағалар импортқа қатысты шектеулер қорының өсуді жалғастыратынын және шектеулердің кез келген төмендеуінің минималды екенін болжайды.

Ғаламдық саудада шағын бизнеске көмек көрсету үшін декларациялар мен ұсынымдар жинағы қабылданды

11 желтоқсанда микро, шағын және орта кәсіпорындар (МШОК) бойынша бейресми жұмыс тобы өзінің отырысында халықаралық саудада шағын кәсіпкерлер тап болатын мәселелерді шешуге бағытталған алты ұсыным мен декларациядан тұратын жинақты ресми түрде қабылдады. Жинақ 14 желтоқсанда делегациялар басшыларының кездесуінде ДСҰ барлық мүшелеріне ұсынылады.

Бас директор орынбасары И Сяочжунь топқа жүгініп, қатысушыларды олардың жанкештілігімен және белсенді қатысуымен, сонымен қатар осы жинақтың уақытылы қабылдануымен құттықтады. Ол жинақтың ДСҰ үшін маңызды екенін айқындады, себебі ол мүшелердің ымыраға келуге және өзінің мақсаттарына қол жеткізу үшін бірге жұмыс жасауға дайын екенін атап өтті. Ол сонымен қатар мынаны атап өтті: «Алайда біз қол жеткізгенде тоқтала алмаймыз. ДСҰ – көп қырлы ұйым, ал МШОК – бұл ғаламдық мәселе. Мен осы топтың өсуін жалғастырып, жуырдағы болашақта көп қырлы болатынына үміт артамын».

Топ МШОК-тың халықаралық саудада қатысуы үшін кедергілерді анықтауға және жоюға бағытталған және 2017 жылғы желтоқсанда Буэнос-Айрестегі ДСҰ он бірінші министрлік конференциясында құрылды. Топ ДСҰ барлық мүшелері үшін ашық және көп қырлы болуға ұмтылады.

Жинақ МШОК туралы ақпарат пен оның ашықтығы сияқты облыстарды, саудаға жәрдемдесуді, қаржы мен трансшекаралық төлемдерге қолжетімділікті, нарықтық ақпаратқа қолжетімділікті және МШОК-ты реттеу процестеріне қосуды қамтитын ерікті және міндетті емес ұсынымдар жинағын қамтиды. Бұл 2017 жылғы Буэнос-Айрестегі топ мәлімдемесінен бастау алады, онда олар халықаралық саудада қатысуға мүдделі МШОК үшін елеулі ауыртпалық болып табылатын кедергіні жою міндеттемесіне өзіне қабылдады.

Инвестицияларды жеңілдету бойынша келісім бойынша келіссөздер қатысушылары өнімді жыл қорытындыларын тұжырымдады

Тағайындалған Чили елшісі Матиас Франк, келіссөздер үйлестірушісі COVID-19 пандемиясына байланысты «күрделі жағдайларға қарамастан», төртінші раундтың «өнімді» аяқталғанын атап өтті. Ол жуырдағы айлардағы және МК-12 дейінгі сәтті жаңа кездесулер сериясы үшін негізді дайындау маңыздылығын атап өтті. Үйлестіруші қаңтардың екінші аптасына кейінгі әрекеттер туралы пікірлермен алмасқысы келетін қатысушылармен екі жақты консультацияларды өткізеді.

Отырыстардың соңғы кезеңінде аспектілердің кең шеңберін қамтитын бейресми жиынтық мәтін негізіндегі келіссөздер жалғасын тапты. Қатысушылар мейлінше қолайлы режим (МҚР) сияқты мәселелерді, сонымен қатар бірыңғай порталды құру, жеткізушілердің ұлттық деректер қорларын құру және инвестициялық делдалдарды тағайындау бойынша ұсынымдарды конструктивтік талқылауды жүргізді. Ерекше және сараланған режим (V бөлім), институционалдық механизмдер мен қорытынды қағидалар (VII бөлім) және преамбула туралы әр түрлі делегациялардың ұсынымдары да ашық және конструктивтік талқылауды тудырды.

Қатысушылар 9-10 қарашада келіссөздердің соңғы кезеңінен бастап бес ресми ұсынымды ұсыну туралы ақпараттандырылды – біреуі Канада қаржылық сектордағы рұқсаттық алымдар бойынша, біреуі Кытайлық Тайбэй инвестициялық саясаттың болашақ негіздемелік негізін халықаралық инвестициялық келісімдерден бөлу туралы («қорғаныс механизмі» (firewall provision) туралы қағида деп аталады) және үшеуі Бразилия бірыңғай порталға, жеткізушілердің ұлттық деректер қорларына және инвестициялық делдалдарды тағайындауға қатысты қарастырған мәтіндер болып табылады.

Үйлестіруші сонымен қатар ағ.ж. 23 және 27 қарашадағы сессияаралық жиналыстардың негізгі қорытындыларын баяндады, оларда жауапты іскерлік практика және жемқорлықпен күрес бойынша шаралар сияқты болашақ келісім элементтері талқыланды. Сондай-ақ талқылаулар, көптеген арыздарды, апелляцияларды немесе қайта қарауларды, ішкі реттеу мен трансшекаралық ынтымақтастықтың келісілуін қоса алғанда, делегациялар елеулі дәрежеде ортақ пікірге келетін мәселелерді әзірлеуге қатысты болды.

Қатысатын мүшелер COVID-19 пандемиясы жағдайларындағы өте күрделі мән-жайларға қарамастан, үйлістірушіге талқылаулар мен кейінгі келіссөздер жүргізуде оның көшбасшылығы үшін алғыс білдірді. Үйлестіруші кейін жиынтық мәтінді реттеу және мүше ұсыныстарын қосу үшін ұсынған жұмыс жоспарын қатысушылар жағымды қабылдады, олар мәтін бойынша жұмыс жасап, оны өзара және шағын топтарда талқылау міндеттемесін өзіне қабылдады, бұл ретте нақты тұжырымдамаларды ұсыну үшін ортақ негізді табу көзделген.

Швеция ауыл шаруашылығы саудасы стандарттарын сақтауда дамушы елдерге көмек көрсетуге 40 миллион швециялық кронаны бөлуде

Швеция Үкіметі дамушы және аз дамыған елдерге (АДЕ) ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасында белсендірек қатысуға көмектесу үшін 2020-2023 жылдар кезеңі барысында 40 миллион швециялық кронаны (шамамен 4,2 миллион швейцариялық франк) бөлуге уәде береді. Стандарттар мен сауданы дамыту қорына (ССДҚ) бөлінген осы грант азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі, жануарлар мен өсімдіктер денсаулығы бойынша халықаралық стандартты сақтауда дамушы елдерді қолдауға бағытталған. Мақсаты ғаламдық және өңірлік нарықтарға олардың қолжетімділігін кеңейтуде және ССДҚ Стратегиясына (2020-2024 жылдар) сәйкес тұрақты экономикалық өсуге, азық-түлік қауіпсіздігіне және кедейлік масштабтарын қысқартуға өз үлесін қосуда негізделеді.

ССДҚ – бұл санитариялық және фитосанитариялық (СФС) шаралар саласында тәжірибемен алмасу, ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді анықтау және әлеуетті дамытуға қатысты жоғарырақ дәрежеде бірізді тәсілдемені ілгерілету үшін ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сауда және даму саласындағы мемлекеттік және жеке сектордың әр түрлі ұйымдарды біріктіретін ғаламдық үйлестіру платформасы.

ССДҚ халықаралық стандарттар мен басқа СФС талаптарының сақтауға жағдай жасайтын ортақ және инновациялық СФС жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін қолдауды және қаржыландыруды қамтамасыз етеді. ССДҚ-ны БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымымен, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы (МЭБ), Дүниежүзілік банк тобы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) және ДСҰ құрған.

ДСҰ мүшелері Сауда және гендерлік мәселелер жөніндегі Бейресми жұмыс тобының бірінші отырысында жұмыс жоспарын талқылады

10 желтоқсанда өткен Сауда және гендерлік мәселелер жөніндегі Бейресми жұмыс тобының бірінші отырысында ДСҰ мүшелері сауда мен гендер арасындағы байланыс түсінігін одан әрі жақсарту бойынша және «гендерлік призма» арқылы сауда мәселелеріне қатысты тәсілдемелерді әзірлеу бойынша идеялармен алмасты. Мүшелер сонымен қатар Халықаралық гендердік чемпиондар саудасына әсер жөніндегі Топ есебінің жарияланғанын атап өтті, онда сауда мен гендерлік саясаттың 32 озық әдісі қаралды.

Мүшелер ағымдағы жылдың қыркүйегінде мүшелердің көбірек санын қамту ниетімен құрылған Бейресми жұмыс тобының транспаренттік және инклюзивті сипатын атап өтті. Бейресми жұмыс тобының құрылуына негіз болған Аралық есепте көзделгендей, олар өзінің жұмысын төрт негізгі элементте шоғырландыруға келісті: тәжірибемен алмасу; «гендерлік линзаның» тұжырымдамасы мен мүмкіндіктерін қарастыру; жасалған талдамалық жұмысты қарастыру; және Саудаға жәрдемдесудің жұмыс бағдарламасына үлес қосу.

Бірқатар қатысушылар қазір 12 қолдаушыны қамтитын сауда және әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы Буэнос-Айрес декларациясына сәйкес саудада әйелдердің қатысуы үшін кедергілерді жою бойынша міндеттемені шешу үшін Бейресми жұмыс тобы алаңында талқылануы мүмкін тақырыптарды ұсынды. Ұсынылатын тақырыптар гендерлік ұлттық саясатты, саудаға жәрдемдесуді, цифрлық сауданы, деректерді жинауды, әлеуетті өрістетуді, COVID-19 және кәсіпкер-әйелдер үшін саудаға қолжетімділікті жеңілдетуді қамтиды. Мүшелер сонымен қатар гендерлік линза тұжырымдамасын сауда саясатына және ДСҰ-ға қолдану туралы ұсыныстарды қарастырды, және бұл ретте кейбіреулері сарапшылардан Бейресми жұмыс тобының қарсаңдағы отырыстарында көбірек презентациялар жасауды сұрады. Мүшелер бұл мәселенің Бейресми жұмыс тобының күн тәртібінде басты орынды иеленетінін атап өтті.

Мүшелер сонымен қатар 2021 жылғы наурызда Саудаға жәрдемдесудің жұмыс бағдарламасының қорытындыларын жасау бойынша іс-шарада сессияны ұйымдастыру бойынша ұсынысты қарастырды және Сауда және гендерлік мәселелер бойынша ДСҰ Үйлестіру орталығының әр түрлі жүргізілетін зерттеулер туралы есебін тыңдады. Мүшелер сонымен қатар ДСҰ-ны сауда және гендер саласында тәжірибесі бар басқа ұйымдармен жұмыс жасауға және өзінің зерттеу ынтымақтастықтарын жалғастыруға шақырды. Мүшелер сонымен қатар келесі жылға жоспарланған 12-ші Министрлік конференциясында қарауға ұсынылатын нақты элементтерді дайындауға арналған кесте мен жұмыс жоспарына осы идеяларды біріктіру маңыздылығын атап өтті.

Халықаралық сауда орталығы «Сауда және әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту туралы  Буэнос-Айрес декларациясын іске асыру» атты есебін ұсынды, онда деректерді жинау әдістерінен сауда келісімдерінің, мемлекеттік сатып алулардың және кәсіпкер-әйелдер үшін қаржылық қолжетімділік құралдарының әсерін бағалауға дейін сауда және гендерлік мәселелер бойынша озық тәжірибе мен ұсынымдар жалпыланған. Бұл тақырыптар 2018 және 2019 жылдары Буэнос-Айрес декларациясы шегінде ұйымдастырылған алты семинарда талқыланды. Есеп Аустралияның қолдауымен Саудадағы әсер бойынша топпен әзірленді. Мүшелер сонымен қатар Саудадағы әсер бойынша топтың және Бейресми жұмыс тобының өзінің қызметінде өзара әрекеттесуін ұсынды.

Қорытынды ретінде мүшелер Бейресми жұмыс тобы жетекшілігінің құрылымы туралы мәселені қарады, оны олар 2021 жылдың басындағы келесі отырыста аяқтауға ниетті.

Қатысушылар COVID-19 пандемиясына жауап ретінде зияткерлік меншік бойынша міндеттемелерден уақытша бас тарту туралы ұсынысты талқылауды жалғастыруда

10 желтоқсанда Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі кеңес отырысында (ЗМҚСА жөніндегі кеңес) ДСҰ мүшелері COVID-19 пандемиясына жауап ретінде ЗМҚСА келісімі бойынша кейбір міндеттемелерден уақытша бас тарту туралы Үндістан мен Оңтүстік Африка ұсыныстарын талқылауды жалғастыруға келісті. Қорытынды есеп 16-17 желтоқсанда Бас кеңес отырысында, осы мәселе бойынша консенсустың жоқ болуына меңзей отырып ұсынылады, бірақ бұл ретте барлық адамдар үшін жоғары сапалы, қауіпсіз, тиімді және арзан вакциналар мен медициналық препараттарға қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ДСҰ мүшелері үшін ортақ мақсат қарастырылады.

Ұсыныс (IP/C/W/669) бастапқыда 2 қазанда Оңтүстік Африкамен және Үндістанмен ұсынылды және Кения, Эсватини, Пәкістан, Мозамбик және Боливия делегациялары тарапынан қолдау тапты. Құжат ДСҰ барлық мүшелерін COVID-19 «алдын алу, тежеу немесе емдеу» пайдасына ЗМҚСА келісімінің кейбір міндеттемелерінен бас тартуға шақырады. Жақтастардың сөздері бойынша, бұл ретте вакциналар мен дәрілерді қосқанда, арзан медициналық препараттарға уақытылы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін немесе негізгі медициналық препараттарды зерттеу, әзірлеу, өндіру және жеткізу масштабтарын арттыру үшін кедергілерді жою мақсаты көзделген.

Бас тарту авторлық құқық пен сабақтас құқықтар, өнеркәсіптік үлгілер, патенттер мен жарияланбаған ақпаратты қорғау бойынша ЗМҚСА келісімінің төрт бөлімі бойынша міндеттемелерге таралады. Ол Бас кеңеспен келісілетін жылдардың белгілі бір санына, және вакциналау дүние жүзі бойынша кеңінен таралғанға дейін және әлем халқының көп бөлігінде иммунитет қалыптасқанға дейін созылады. Мүшелер бас тартуды жыл сайын оның қолданылуы тоқтатылғанға дейін қайта қарап отырады.

Міндеттемелерден бас тарту туралы ұсынысты инклюзивті және жан-жақты талқылау алдымен 15-16 қазанда ЗМҚСА кеңесінде, кейін 20 қарашада және 3 желтоқсанда бейресми кездесулерде жүргізілді. Кездесулерде мүшелер пікірлермен алмасты, түсініктемелерді сұратып, осындай бас тартудың әрекетіне және әсеріне қатысты бірқатар мәселелер бойынша ақпаратты ұсынды, бірақ консенсусқа қол жеткізген жоқ.

Осыған байланысты, ЗМҚСА бойынша Кеңес Төрағасы делегацияларды бір-бірімен өзара әрекеттесуді жалғастыруға және ДСҰ барлық мүшелері үшін ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін міндеттемелерден бас тарту туралы мәселеге қатысты жанасу нүктелерін іздеуге шақырды.

ЗМҚСА кеңесінің келесі ресми отырысы 2021 жылғы 10-11 наурызға белгіленген. Бұл ретте, жуырдағы болашақта бас тарту туралы мәселені қарау мақсатында Төраға қаңтарда және ақпанның басында отырыстар жүргізу мүмкіндігін қарауды ұсынды.

Пікір қалдыру