ITC-мен ынтымақтастық - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ

ITC-мен ынтымақтастық

Орталық Азиядағы ішкі өңірлік және халықаралық саудада ЕО-ны қолдау

Жобаның атауы  Ready4Trade Central Asia (Орталық Азия саудаға дайын)  
Бенефициар елдер  Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан  
Жобаның ұзақтығы  4 жыл
Іске асырушы әріптес  Халықаралық сауда орталығы (ХСО) 

ТҮЙІНДЕМЕ 

ЕО қаржыландыратын төрт жылдық жоба ЕО қаржыландыратын неғұрлым ірі бағдарламаның сауда құрамдауышы болып табылады, ол Орталық Азиядағы инвестицияларды, бәсекеге қабілеттілікті және сауданы қолдауға бағытталған, сол арқылы өңірдегі тұрақты және жан-жақты экономикалық дамуға ықпал етеді. Жоба Орталық Азияның (ОА) бес елінде өңірішілік және халықаралық сауданы дамытуды қолдайды. Бұл трансшекаралық талаптардың ашықтығын арттыру, нормативтік және рәсімдік кедергілерді жою, сауда формальдылықтары мен стандарттарын сақтау жөніндегі кәсіпкерлік әлеуетті нығайту жолымен, сондай-ақ трансшекаралық электрондық сауданы жетілдіру жолымен жасалатын болады. Жобаны Халықаралық сауда орталығы (ХСО) ұлттық әріптестермен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асыратын болады. 

Жоба экспорттық әлеует және осы секторда жұмыс күші ретінде әйелдердің қатысуын есепке алу негізінде әрбір елдегі жекелеген секторларға/қосылған құн тізбектеріне бағытталады. Әрбір қызмет бенефициар елдердің нақты қажеттіліктеріне бейімделетін болады. Қазірдің өзінде жобалық тәсілді салыстырып тексеру және оны әрбір елдің жеке қажеттіліктеріне бейімдеу жүргізіле отырып, бастапқы 6 айлық кезеңі іске асырылды. 

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР (КН) ЖӘНЕ ОСЫ ҚҰРАМДАУЫШТЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ҚЫЗМЕТ 

КН 1. Халықаралық сауда үшін негізгі нормативтік және рәсімдік кедергілерді жою 

  •  Трансшекаралық формальдылықтардың ашықтығы мен болжамдылығын арттыру. 
  •  Жеке алынған нормативтік және рәсімдік талаптарды жою немесе оңайлату 
  •  Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды сәйкестікті растау мәніне нығайту 
  • Өңір ауқымында іс жүргізу және нормативтік рәсімдерді жақындастыруға жәрдемдесу 

КН 2. Трансшекаралық талаптарды (атап айтқанда, сапа стандарттарын, техникалық регламенттерді, преференциялық сауданың тиісті схемаларын/ВСП +сақтау бойынша шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) мүмкіндіктерін жақсарту 

  •  Жекелеген кәсіпорындарды трансшекаралық рәсімдің және нормативтік талаптарды сақтау үшін қажетті құралдармен және біліммен қамтамасыз ету. 
  •     Интернационалдандыру жөніндегі бастамаларды іске асыруда жеке секторға жәрдемдесу бөлігінде ОПБ мүмкіндіктерін кеңейту. 
  •     Сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша басымдықтарды айқындауға және реформаларды әзірлеуге үлес қосу бойынша жеке сектордың әлеуетін арттыру. 

КН 3. Орталық Азия елдерінің, атап айтқанда әйелдер басқаратын компаниялардың трансшекаралық электрондық сауданы жүргізуге дайындығын арттыру 

  •  Реттеу режимдерін бағалау, қолдау көрсету және консультациялық қызметтер көрсету арқылы электрондық коммерция экожүйесін нығайту 
  • Негізгі мүдделі тараптар арасындағы электрондық сауданы табысты дамыту үшін талаптар мен негізгі кедергілер туралы хабардар болуды арттыру. 
  • Электрондық коммерцияны жүргізу негіздері бойынша ШОК әлеуетін арттыру. 

RY 4. Әйелдер басқаратын кәсіпорындардың халықаралық саудаға қатысуы мүмкіндіктерін кеңейту 

  •  Сауда саласында жынысы бойынша бөле отырып, деректер негізінде саяси шешімдер қабылдау 
  • Шекарадағы бақылаушы органдар қызметкерлерінің кәсіпкер әйелдердің гендерлік сипаттағы проблемалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру. 
  • Сенімді нығайту және мүдделерді қорғау жөніндегі шаралар арқылы әйелдерді саудаға қатысуға көтермелеу.