Дүниежүзілік сауда ұйымы - "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ

Дүниежүзілік сауда ұйымы

Нормативтік база

      ДСҰ келісімдері

1994 жылғы 15 сәуірдегі Марракеш декларациясы;

Дүниежүзілік сауда ұйымын құру және оған қосылу туралы келісімді қабылдау туралы шешім;

Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімі;

1қосымша

Тауарлар саудасы жөніндегі көпжақты келісімдер

1В- қосымша.Қызметтер көрсету саудасы жөніндегі Бас келісім;

1C-қосымша. Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім.

2қосымша

3қосымша

4қосымша. Плюрилатеральды сауда келісімдері

  • Азаматтық авиатехника саудасы туралы келісім;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы келісім.

Анықтама: Плюрилатералдық келісімдер – бұл ДСҰ-ның оларға қосылған мүшелері үшін ғана міндетті болатын ДСҰ келісімдері.

 – «Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қазандағы № 356-V Заңы.

      Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылуы туралы хаттама Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шарттарын қамтиды және мынадай құжаттардағы Қазақстанның міндеттемелерін жіберу арқылы инкорпорациялайды:

      1) Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға қосылуы жөніндегі жұмыс тобының баяндамасы;

      2) Қазақстанның тауарлар бойынша басқаға берулері мен міндеттемелерінің тізбесі;

      3) Қазақстанның қызметтер бойынша ерекше міндеттемелерінің тізбесі.

Пайдалы сілтемелер

  • ДСҰ онлайн[1] құжаттары (WTO Documents Online) ДСҰ-ның ресми құжаттамаларын пайдалануға мүмкіндік береді. Деректер базасы1995 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі үш ресми тілдегі 140 000 астам құжатты қамтиды және  жыл сайын жаңартылып отырады.  
  • Жақындағы құжаттар[2] сайтқа соңғы орналастырылған құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
  • Танысу үшін жалпыға бірдей қолжетімді ұсыныстар[3] – бұл үнемі сұралатын құжаттарды тез алуға мүмкіндік беретін іздестірулерді іріктеу.
  • Отырыстарға арналған құжаттар[4] ДСҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінің ресми және бейресми отырыстары мен тиісті құжаттардың тізбесін қамтиды.
  • Тақырып бойынша бөліністе[5] ауқымды тақырыптық санаттар бойынша ДСҰ құжаттарын  іздестіру мүмкіндігі беріледі. Осы бөлімді көрсетудің  қолданыстағы  форматы қазіргі уақытта қарастырылуда және жақын арада өзгертілетін болады.
  • Хабарламалар бойынша интерфейс[6] Орталық нотификациялар бюросының деректер базасын  пайдалану жолыменхабарлама жіберген ел бөлінісінде хабарламалармен бірге құжаттарды және ДСҰ нормативтік құқықтық  базасының талаптарын іздестіруге мүмкіндік береді. Кеңейтілген іздестіру құжаттың коды, талап қойылатын тақырып және сыныптау сияқты  қосымша  өлшемдерді іздестіруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кеңейтілген іздестіруде құжат мәтінінде іздестіру шеңберіндегі толық мәтінді іздестіру мүмкіндігіне де қол жеткізуге болады.
  • Іздестіру модулі[7] тұтынушыға құжаттың коды, елі, тақырыбы немесе сол құжаттың мәтінінде іздестіру шеңберіндегі іздестіруге толық мәтінді  мүмкіндіктер сияқты  өлшемдердің негізінде  ДСҰ-ның барлық ресми құжаттарын алуға  мүмкіндік бере отырып озық іздестіру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.  
  • ГАТТ модулі[8] Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімге (ГАТТ) сәйкес шығарылған ресми құжаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 2006 жылғы 15 мамырда  Бас Кеңес  жұртшылық үшін осы құжаттарға  қол жеткізу туралы шешім қабылдады. Осы құжаттардың көшірмелері цифрлық архивті құрайды. Қазіргі уақытта  Уругвай келіссөздер раундына жататын құжаттар ғана салынған. Бұл жұмыс жүргізілуде, құжаттар түсуіне қарай қосылып отыратын болады.
  • Өңірлік сауда келісімдері жөніндегі деректер базасы[9] (RTA Database) ДСҰ хабарламалар жіберілген немесе ертеректе хабарламалар алынған келісімдер жөніндегі ғана ақпаратты қамтиды.

Деректер базас ГАТТ/ДСҰ-ға нотификациялар берілген өңірлік сауда келісімдері жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді, мыналарға бөле отырып:

  • Елге/аумаққа[10];
  • Санаттарға/тақырыптарға[11];

Сондай-ақ мынадай ақпараттарды да алуға болады:

  • Қолданыстағы өңірлік сауда келісімдерінің тізбесі[12];
  • Ертеректегі хабарламалар тізбесі[13];
  • Стандартты есептер[14];
  • Өңірлік сауда келісімдері бойынша ДСҰ деректері бар жиынтық кестелер[15];
  • Өңірлік сауда келісімдері бойынша кестелер[16]
  • Преференциалды тарифтер талдауы[17].

Өңірлік сауда келісімдері бойынша деректер базасын пайдалану жөніндегі басшылықты көшіріп алу[18].

  • Преференциялық сауда келісімдері жөніндегі деректер базасы[19] (PTA database) ДСҰ мүшелері қолданатын Преференциялық сауда келісімдері (ПСК) туралы ақпаратты қамтиды. Деректер базасы ПСК үшін транспаренттілік тетігін белгілейтін шешімдердің қорытындылары бойынша жасалды. Осы шешімнің мәнмәтінінде ПСК өзаралықты талап етпейтін Преференциялық схема ретінде түсіндіріледі. Бұл келісімдер (РТС), ӨСК үшін транспаренттілік тетігімен[20] қамтылатын өңірлік сауда келісімдерінен (ӨСК) өзгеше болады.

Деректер базасы  мынадай ақпараттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:

  • Елі/аумағы[21] бойынша бөлінісінде ПТК іздестіру
  • Барлық ПТК тізбесі[22];
  • Құжаттаманы өлшемдері бойынша[23] іздестіру:
    • ПТК түрі;
    • Құжаттаманың жылы;
    • Құжаттаманың түрі;
    • Преференциялық режимді ұсынатын тарап;
    • Преференциялық режимнің бенефициар-елі.

Преференциялық сауда келісімдері бойынша деректер базасын пайдалану жөніндегі басшылықты көшіріп алу [24].

  • Кіру міндеттемелерінің деректер базасы[25] (Accession Commitments Database) елдердің кіру келіссөздері барысында қабылдаған ерекше міндеттемелерді қамтиды. Деректер базасында кіру туралы барлық міндеттемелер мен Жұмыс топтарының Баяндамаларында және ДСҰ кіруші мүшелердің кіру туралы хаттамаларында берілген релеванттық ақпарат қамтылады.
  • Статистиканың деректер базасы[26] (Statistics Database) статистика жөніндегі мынадай ақпаратты алуға мүмкіндік береді: 
  • Сауда бейіндері[27] (Trade Profiles) ДСҰ мүшелердің, қадағалаушылардың және таңдауы бойынша басқа да экономикалардың  сауданың жай-күйі туралы ақпараты бар буклеттерді ұсынады;
  • Тарифтер бейіндері[28] (Tariff Profiles) ДСҰ мүшелердің, қадағалаушылардың және таңдауы бойынша басқа да  экономикалардың  нарыққа қол жеткізу жағдайлары туралы ақпаратты  ұсынады;
  • Сауда мүддесіндегі көмек бейіндері[29] (Aid for Trade Profiles) Сауда мүддесіндегі көмек, сауда шығындары, сауданы жүргізу және алушылар таңдаған Сауда мүддесіндегі көмек бойынша дамыту үрдістері бойынша ақпарат береді;
  • Уақытша қатарларды талдау бөлімі[30] (The Time Series section) халықаралық сауда статистикасы жөніндегі интерактивті деректерге қол жеткізуді ұсынады.
  • Сауда мониторингі жөніндегі деректер базасы[31] ДСҰ мүшелері мен қадағалаушылар 2008 жылғы қазаннан бастап қолданатын сауда шаралары туралы ақпаратты ұсынады. Деректер ДСҰ Хатшылығы дайындаған Сауда мониторингі жөніндегі тұрақты есептерден алынды. Деректер базасы ДСҰ мүшелері жаңа есепті талқылағаннан кейін үнемі жаңартылып тұрады.
  • Онлайн тарифтері бойынша ДСҰ талдауы[32] (WTO Tariff Analysis Online) – онлайн режимінде ДСҰ-ның біріктірілген деректер базасы мен  Тарифтер бойынша  шоғырландырылған тізбелердің деректер базасына  (CTS) қол жеткізуді ұсынатын құрал (IDB), нарықтар мен тауарларды таңдауға, есептерді жасауға және деректерді енгізуге мүмкіндік береді.
  • ДСҰ-ның тарифтерді енгізу құралы [33] (WTO Tariff download facilities) неғұрлым қолайлы жағдай жасау режимінде  (НҚР) тарифтер мен  ДСҰ барлық мүшелері үшін Үйлестірілген жүйенің (HS) стандартты кодтарына сәйкес  байланысты тарифтер бойынша кеңейтілген ақпаратты қамтиды. Бұл қай жерде мүмкін болады,  деректер базасы еліміз экспорт бойынша өзінің әріптесі ретінде ұсынатын HS кіші субпозицияларының деңгейінде НҚР-дан тыс қолданылатын тарифтер бойынша  ақпаратты ұсынады. Бұл ақпаратты                   ДСҰ-ның қолданылатын тарифтер мен импорт жөніндегі Біріктірілген деректер базасына (IDB) жіберілетін материалдардан, сондай-ақ ДСҰ барлық мүшелері үшін байланысты баждар мөлшерлемелеріне қатысты  Шоғырландырылған тарифтер тізбесінің деректер базасынан алынады. Осы Деректер базасындағы ақпарат Дүниежүзілік тарифтер шолуында (World Tariff Profiles[34]) жарияланған тарифтер бойынша деректерді толықтырады. Тарифтерді енгізу құралы елдерді, жылдар мен тауарларды икемді таңдауға және әртүрлі форматта енгізуге мүмкендік береді.

Жоғарыда көрсетілген екі деректер базасында тарифтік желілер деңгейінде қолданылатын кедендік баждар, шығарылатын елі бойынша бөлінісіндегі импорт статистикасы, ДСҰ мүшелерінің тауарлар бойынша (байланысты  тарифтер және ауыл шаруашылығы бойынша ерекше міндеттемелер) міндеттемелері  қамтылған.

  • I-TIP Services құралы[35] – бұл ДСҰ мен Дүниежүзілік Банктің  бірлескен бастамасы. Бұл құрал байланысты деректер базасының жиынтығы болып табылады, ол:
    • мүшелердің Қызметтер жөніндегі Бас келісімнің (ГАТС) шеңберіндегі міндеттемелері,
    • өңірлік сауда келісімдері (ӨСК) шеңберіндегі қызметтер міндеттемелері бойынша,
    • қыметтер саласында қабылданатын шаралар, және
    • қызметтер жөніндегі статистика бойынша ақпарат береді.

[1] https://docs.wto.org/dol2fe/Pages/FE_Search/FE_S_S005.aspx

[2] https://docs.wto.org/dol2fe/Pages/FE_Browse/FE_B_002.aspx

[3] https://docs.wto.org/dol2fe/Pages/FE_Browse/FE_B_001.aspx

[4] https://docs.wto.org/dol2fe/Pages/FE_Browse/FE_B_003.aspx

[5] https://docs.wto.org/dol2fe/Pages/FE_Browse/FE_B_009.aspx

[6] https://docs.wto.org/dol2fe/Pages/FE_Search/FE_S_S003.aspx

[7] https://docs.wto.org/dol2fe/Pages/FE_Search/FE_S_S001.aspx

[8] https://docs.wto.org/dol2fe/Pages/FE_Search/FE_S_S001_GATT.aspx

[9] https://rtais.wto.org/UI/PublicMaintainRTAHome.aspx

[10] https://www.wto.org/english/tratop_e/region_e/rta_participation_map_e.htm

[11] https://rtais.wto.org/UI/PublicSearchByCr.aspx

[12] https://rtais.wto.org/UI/PublicAllRTAList.aspx

[13] https://rtais.wto.org/UI/PublicEARTAList.aspx

[14] https://rtais.wto.org/UI/PublicConsultPreDefReports.aspx

[15] https://rtais.wto.org/UI/publicsummarytable.aspx

[16] https://rtais.wto.org/UI/Charts.aspx

[17] https://rtais.wto.org/UI/PublicPreferentialTariffAnalysis.aspx

[18] «Өңірлік сауда келісімдері бойынша деректер базасын пайдалану жөніндегі басшылықты» көшіріп алу құжаты

[19] http://ptadb.wto.org/

[20] «ПСК үшін транспаренттілік тетігін» көшіріп алу құжаты

[21] http://ptadb.wto.org/SearchByCountry.aspx

[22] http://ptadb.wto.org/ptaList.aspx

[23] http://ptadb.wto.org/ptaSearchDocuments.aspx

[24] «Преференциялық сауда келісімдері бойынша орыс тіліндегі деректер базасын пайдалану жөніндегі басшылықты» көшіріп алу құжаты»

[25] http://acdb.wto.org/

[26] http://stat.wto.org/Home/WSDBHome.aspx?Language=E

[27] http://stat.wto.org/CountryProfile/WSDBCountryPFHome.aspx?Language=E

[28] http://stat.wto.org/TariffProfile/WSDBTariffPFHome.aspx?Language=E

[29] http://stat.wto.org/Home/WSDBHome.aspx?Language=E

[30] http://stat.wto.org/StatisticalProgram/WSDBStatProgramHome.aspx?Language=E

[31] http://tmdb.wto.org

[32] https://tao.wto.org/welcome.aspx?ReturnUrl=%2f%3fui%3d1&ui=1

[33] http://tariffdata.wto.org/default.aspx

[34] World Tariff Profiles –ДСҰ, Халықаралық сауда орталығы (ITC), Сауда және даму жөніндегі БҰҰ Конференциясының (ЮНКТАД) бірлескен жарияланымдары, ол 170 ел мен кедендік аумақтар енгізген  тарифтер мен тарифтік емес шаралар бойынша  кеңейтілген ақпаратты ұсынады.  Жарияланымдарға мына сілтеме бойынша қол жеткізуге болады: https://www.wto.org/english/res_e/reser_e/tariff_profiles_e.htm [ГИПЕРСІЛТЕМЕ ЕМЕС!!!!!!!!]

[35] https://i-tip.wto.org/services/default.aspx